Тілеубердин Шыңғыс Абылайұлы (15.12.1940 ж.т., Алматы қ.) – техника ғылымының кандидаты (2002).Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (1963, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті ) бітірген. Ақтөбе құрылыс-монтаж басқармасында шебер, Жобалау институтында бөлім бастығы, бас инженер, өндірістік бірлестіктің бас директоры, КСРО және Қазақ КСР-і Су шығару министрлігінің бірлескен жүйесіндегі құрылыс трестерінде меңгеруші (1963–96) болды. 1996 жылдан Алматы қаласындағы «Су бөлу» мемлекет еншілес коммуналдық кәсіпорнының бастығы. «Утилизация и обеспечения экологической безопасности сточных вод города Алматы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. ҚР Мемлекет сыйлығының лауреаты (2005). Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1940 жылы туғандар