нобай|alt=«3» элементінде функция екі мән қабылдайды|«3» элементінде функция екі мән қабыладйды Көп мәнді логика — математикалық логиканың бір саласы.
Көп мәнді логика туралы Көп мәнді логикада пікірлердің ақиқаттық мәнділігі екіден көп болады. Осыған байланысты үш мәнді, төрт мәнді және шексіз көп мәнді логика болады. Классикалық математикалық логиканы көп мәнді логиканың жеке түрі ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде логиканың мәнділігі екіге тең.
1920-жылдары поляк логигі Ян Лукасевич (1878-1956жж.) үш мәнді және төрт мәнді логиканы жасап шықты. Бұдан кейін американ математигі, логигі Э. Л. Пост өз бетімен көп мәнді логиканың негізін салды. Математикалық логиканың парадокстарын шешу мақсатымен совет ғалымы СССР ҒА-ның корр. мүшесі С. В. Яблонскийдің мектебін ерекше атап өту орынды. Ол басқарған ғылыми коллективте көп мәнді логиканың математикалық жүйелі мәселелері шешілді.
Көп мәнді функциялардан (К 2) тұратын М жиыны функционалды толық деп аталады, егер оған кіретін функциялар арқылы кез келген көп мәнді функцияны өрнектей алатын болсақ, функционалды толықтылық-көп мәнді логикадағы басты мәселенің бірі. Мысалы, электронды есептеу машиналарының кейбір негізгі мәселелері функционалды толықтылыққа келіп тіреледі. Классикалық математикалық логика мен үш мәнді логика үшін бұл мәселені Э. Л. Пост пен С. В. Яблонский толық шешті. Төрт мәнді және т.б. логикаларда бұл проблеманы шешуде зерттеушілер көптеген қиындықтарға кездесті. Бұл қиындықтар бірте-бірте шешілуде. Қазақ Совет энциклопедиясы, Бас редактор М.Қ.Қаратаев, Беттер саны 639, Алматы, 1975 жыл, 6 том, 39-40 бет, ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:Логика Санат:Математика
Тағы қараңыз Көп мәнді функция Математикалық логика Ян Лукасевич
Сыртқы сілтемелер Шектелген логика Терминдер (Математика)