Қоянақ әулие Жолшарақызы — бітім-болмысы ерекше, өнегесі халық жадында жатталған ел анасы. Аңыз Әкесі Жолшара мен атасы Тастемір де ел арасында әулие атанған адамдар болған. Қоянақ әжемізге Алла тарапынан берілген айырықша қасиет өз әкесі Жолшара әулиеден дарыған. Алла берген ұлы қасиетіне тәнті болған ұрпақтары дертке қуат қылып, талай жылдар әжеміздің басына түнеп жатып, Ұлы Жаратушының жарылқауынан үміт ететін. Дертіне дауа, науқасына шипа тілеп, зарығып барған талайлар дерттерінен айығып, рухтары саламаттанып, ойлағаны болып, діттегеніне жетіп, көзайым болып оралатын. Жылдар өтіп, ұрпақтар ауысқанымен, Қоянақ әулиенің басына зиярат етушілер легі толастаған жоқ, рухына демеу іздеп жабыққандар әр қиырдан ат сабылтып келуін тоқтатпады. Осындай құрметке бөленген, дүниеден өтсе де, ұрпақтарын киелі рухымен аялап, жабыққанды жұбатып, тарыққанды демеп, дерттілерге – дәру, мұңайғанға қуат бола білген рухы шалқар, аруағы асқақ Қоянақ әже Жолшорақызы ел анасы болып, бауырынан рулы ел өрбіген, өсіп-өнген, асқарлы-шақарлы әулеттің мейірбан да қамқор әжесі ретінде де халық ілтипатын иеленген.
Кесенесі Кесене — Наурызым ауданы Шилі және Шолақсай ауылдарынан он сегіз шақырым жерде, Қарасу мен Қопа қоныстарының ортасында орналасқан.Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. — Астана: Фолиант, 2017. — 504 б.
Дереккөздер
Санат:Тарих