Саралжын — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл, Саралжын ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Сайқын ауылынан шығысқа қарай 159 км-дей жерде, Нарын құмының солтүстігінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1623 адам (824 ер адам және 799 әйел адам) болса, 2009 жылы 1403 адамды (707 ер адам және 696 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 997 адамды (514 ер адам және 483 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1962-1997 жылдары қой өсіретін Құрманғазы атындағы кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Саралжында және округтегі Бескөл ауылында 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Бөкей ордасы ауданы елді мекендері