Ермек Мырзақұлов (11.6.1946, Сарыағаш ауданы Коммуна ауылы) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР депутаты (1985).

1962 жылы Келес ауданы Абай ауылындағы «Ленин жолы» атындағы мектепті бітірген соң, Коммуна кеңшарында механизатор болып жұмыс істеді. 1965–68 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен соң, еңбек жолын туған ауылында жалғастырды. 1969–74 жылдары Коммуна кеңшарында механизатор, 1975 жылдан Сарыағаш ауданы Қ.Қонысбаев атындағы кеңшардың ғ4 бригадасында бригадир болып істеді. 1979–89 жылдары Келес ауданы Кеңесінің депутаты, 1978–85 жылдары облыстық партия комитетінің мүшесі болды. Сарыағаш ауылының құрметті азаматы (2004), «Еңбек даңқы» (1981), «Құрмет» (2001) ордендері мен «Тылға 50 жыл» медалінің иегері. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1985).Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1946 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Еңбек Даңқы орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері