Виталий Михайлович Еремеев (23 қыркүйек 1975, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық кәсіби хоккейші, қақпашы; жаттықтырушы. Өскемендік шайбалы хоккейінің түлегі.
Өмірбаяны Ол Өскеменде жергілікті «Торпедо» клубында ойнай бастады. Ол жыл сайын дерлік әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында ойнады, сонымен қатар Наганода өткен 1998 жылы Олимпиада ойындарында ел құрамасында 7 матч өткізді, ол кезде АҚШ, Швеция және Беларус құрамаларымен 5-8 орындарды бөлісті.
1994 ҰХЛ драфтында ол 9-раундта «Нью-Йорк Рейнджерс» 209 жалпы нөмірімен таңдалды. 1994-1999 жылдар аралығында мәскеулік ЦСКА-ның қақпасын қорғады. 1999/2000 жылғы маусымда Еремеев мәскеулік «Динамода» ойнап, өте сенімді ойын көрсетті (орта есеппен бір матчта 1,27 гол жіберіп алды) және командасымен бірге Ресей чемпионы атанды. 2000 жылы шілдеде «Рейнджерс» Еремеевпен келісімшартқа отырды.
Ол ҰХЛ дебютін 2000 жылы 27 желтоқсанда екінші кезеңнің 5-минутында есеп «Каролинаның» пайдасына 3-0 болып тұрғанда «Каролина Харрикейнздің» командасына қарсы жекпе-жекте өткізді. Осылайша, ол бұрынғы кеңестік республикалардан ҰХЛ командаларының қақпаларын қорғаған 9-қақпашы болды. Қалған уақытта, ол 14 соққының 13-ін тойтарды, бірақ оның командасы 3:4 есебімен жеңілді.
Ол ҰХЛ-де 2000-2001 жылдар аралығында АҚШ-тың кіші лигаларында ойнап, тек төрт ойын өткізді. 2001/2002 маусымының ортасында ол Ресейге оралып, мәскеулік «Динамомен» келісімшартқа отырды. 2005 жылы командамен бірге ол қайтадан Ресей чемпионы атанды, сонымен қатар ел чемпионаттың үздік қақпашысы деп танылды.
2010/2011 маусымы басталар алдында ол астаналық «Барысқа» ауыстыҚХЛ: Виталий Еремеев «Барысқа» ауысты .
2015 жылдың 7 сәуірінде Еремеев мансабын аяқтауға шешім қабылдағанын мәлімдеді. «Жарақаттар мазамды алды, қиын. Аяқтайтын уақыт келді. Мен қазірдің өзінде жеткілікті ойнадым. Еш уайымсыз аяқтай аламын. Болашаққа жоспар жоқ. Қазір жігіттермен бірге жаттығамын, олар кетеді, содан кейін не болатынын білмеймін. Шынымды айтсам, мен не істерімді әлі білмеймін. Келісімшарттың соңы болады, содан кейін шешемін. Бәрі әлі ойнауда, бәрі бір жерге дайындалуда»
2015 жылдың 25 маусымында ол «Қар барыстары» ЖХЛ командасының жаттықтырушылар құрамына кіру туралы ұсынысты қабылдады. Еремеев клубта қақпашыларды жаттықтырумен айналысатын болдыЕремеев «Қар барыстары» қақпашыларын жаттықтырады.
2016 жылдың 14 маусымында Виталий Еремеев қақпашылардың жаттықтырушысы ретінде «Динамоға» оралды.
Марапаттары мен жетістіктері Ресей чемпионы (2000, 2005). Ресей чемпионатының қола жүлдегері (1998). Шпенглер кубогының иегері (2008). Ресей чемпионатының үздік қақпашысы (2005). «Алтын дулыға» сыйлығының иегері (2000, 2005). Қысқы Азия ойындары чемпионы (2011).
100 кубок матчтарында ойнады (ЖХЛ кубогы мен Ресей кубогын қосқанда), бұл қақпашылар үшін Ресей чемпионатындағы рекордҚұрлықтық хоккей лигасы — Жаңа рекорд.
Өнер көрсетуінің статистикасы Тұрақты маусымПлей-офф МаусымКомандаЛигаОйындарОйындар 1991/92ТорпедоТМД160303.00 1992/93ТорпедоҰХЛ21201206.00 1993/94ТорпедоҰХЛ1910153802.25 1994/95ЦСКАҰХЛ4927339772.13202120804.00 1995/96ЦСКАҰХЛ2513393751.66312179702.34 1996/97ЦСКА ХКРСЛ146353503.3110159303.05 1997/98Торпедо ЯрРСЛ179791931.16412201812.38 1998/99ЦСКА ХКЖоғарғы3519147152.26 1999/00Динамо МРСЛ26175315593371.2793.91713410392241.2793.6 2000/01Хартфорд Вулф ПэкАХЛ361615319779822.9790.3 2000/01Шарлотт ЧекерсШЖХЛ53202982104.2389.8 2000/01Нью-Йорк РейнджерсҰХЛ40402121604.5284.6 2001/02Шарлотт ЧекерсШЖХЛ3120179903.0187.8 2001/02Динамо МРСЛ20107312183331.6393.23031771103.72 2002/03Динамо МРСЛ33159518966542.0692.15233011202.3991.8 2003/04Динамо МРСЛ4520141027458661.8891.810031000.00 2004/05Динамо МРСЛ27213215953391.241091599930.90 2005/06Динамо МРСЛ261110415615031.9292.84132601012.30 2006/07Динамо МРСЛ341612219477822.403031791103.69 2007/08Динамо МскРСЛ361315621738332.298445062212.61Суперлигада барлығы, ҰХЛ және ТМД37421575702521.956131283654123102.02 2008/09Динамо МҚХЛ32219218596922.2390.412847001911.6392.7 2009/10Динамо МҚХЛ331611217707042.3792.04132301002.6191.5 2010/11БарысҚХЛ351515420357822.3092.7202119703.5391.1 2011/12БарысҚХЛ321511217037022.4792.57344231702.4192.5 2012/13БарысҚХЛ23127212496423.0789.74222541202.8491.5 2013/14БарысҚХЛ2098111325803.0790.110645762202.2992.0ҚХЛ барлығы1758861139748409122.5291.539201923028712.2792.1ҚХЛ барлығы, Суперлига, ҰХЛ және ТМД549313231111642.1310051475956210112.12
Сілтеме ҚХЛ сайтындағы профиль Виталий Еремеев ҰХЛ сайтындағы профиль shaiba.kz сайтындағы стастикасы Global Sport Consulting сайтындағы ойыншы туралы мәліметтер
Дереккөздер
Санат:Торпедо Өскемен ХК хоккейшілері Санат:КСРО шайбалы хоккейшілері Санат:Қазақстан шайбалы хоккейшілері Санат:ЦСКА (Мәскеу) ХК хоккейшілері Санат:Қазақстан шайбалы хоккей жаттықтырушылары Санат:Динамо (Мәскеу) ХК хоккейшілері Санат:Барыс ХК хоккейшілері Санат:Қазақстан шайбалы хоккей құрамасының ойыншылары