«Қажырлы еңбегі үшін (жауынгерлік ерлігі үшін)» мерейтойлық медал. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» () КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1969 жылғы 5 қарашадағы Жарлығымен құрылды. Медал сызбасының авторлары суретшілер Николай Соколов (бет жағы) және Александр Козлов (артқы жағы) болды.

Медал жайлы ереже Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойлық медаль екі атаумен тағайындалды: «Қажырлы еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай»; «Жауынгерлік ерлігі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай».

«Қажырлы еңбегі үшін (Жауынгерлік ерлігі үшін). Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» мерейтойлық медалімен марапатталды: Лениннің мерейтойына дайындық барысында еңбектің жоғары үлгілерін көрсеткен озат жұмысшылар, ұжымшаршылар, халық шаруашылығының мамандары, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, ғылым және мәдениет қайраткерлері; Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске немесе Отанды қорғауға белсенді қатысқан не өз еңбегімен КСРО-да социализм құруға елеулі үлес қосқан, жеке үлгісімен және қоғамдық қызметімен партияға өскелең ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетін адамдар; Лениннің мерейтойына дайындық барысында жауынгерлік және саяси даярлықта үздік көрсеткіштерге, әскерлерді басқаруда және олардың жауынгерлік әзірлігін сақтауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген Кеңес Әскерінің, Әскери-Теңіз Флотының, КСРО Ішкі істер министрлігі әскерлерінің, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті әскерлері мен органдарының әскери қызметшілері.

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдарға «Қажырлы еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» деген жазуы бар мерейтойлық медаль, ал әскери қызметшілерге «Жауынгерлік ерлігі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» деген жазуы бар мерейтойлық медаль табысталды.

Мерейтойлық медаль халықаралық коммунистік және жұмысшы қозғалысының қайраткерлеріне, сондай-ақ басқа да шетелдік ілгерішіл қайраткерлерге табысталды.

«Қажырлы еңбегі үшін (Жауынгерлік ерлігі үшін). Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» мерейтойлық медалі кеуденің сол жағына тағылып, ортақ тағанға орналастырылған КСРО ордендерімен және медальдарымен бірге тағылған жағдайда ортақ тағанның сол жағы мен жоғары тұсына, бірақ «Алтын Жұлдыз» медалі мен «Орақ пен Балға» алтын медалінен төмен орналастырылады, ал аталған ерекше айырым белгілері болмаған жағдайда олардың орнына орналастырылады.

«Қажырлы еңбегі үшін (Жауынгерлік ерлігі үшін). Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» мерейтойлық медалінің таспасы тағанда тағылған кезде «Ерен еңбегі үшін» медалінің таспасынан кейін орналасады.

«Қажырлы еңбегі үшін (Жауынгерлік ерлігі үшін). Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» мерейтойлық медалімен 11 000 000-нан астам адам марапатталды — еңбекшілерді марапаттау саны шамамен 9 млн, әскери қызметшілерді марапаттау саны шамамен 2 млн және үкіметтік делегациялар құрамындағы шетел азаматтарын марапаттау саны шамамен 5 мың.

Медалдің сипаттамасы thumb|right|300px|Медалдің куәлігі «Қажырлы еңбегі үшін (Жауынгерлік ерлігі үшін). Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» медалі жезден жасалған және диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер пішінінде.

Медалдің беткі жағында күңгірт аяда солға қаратылған В. И. Лениннің бедерлі бейінді бейнесі орналасқан. Төменгі бөлігінде «1870—1970» жылдары жазылған.

Медалдің артқы жағында күңгірт аяда: жоғарғы бөлігінде шеңбер бойымен «ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕГІ ҮШІН» () немесе «ЖАУЫНГЕРЛІК ЕРЛІГІ ҮШІН» () деген жазу, оның астында орақ пен балға бейнесі және «В. И. ЛЕНИННІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ» () деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінде кішкентай бес күлді жұлдыз орналасқан.

Шетел азаматтарын марапаттау үшін соғылған медальдардың сыртқы жағында «ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕГІ ҮШІН» немесе «ЖАУЫНГЕРЛІК ЕРЛІГІ ҮШІН» деген жазулар болмайды.

Медалдің жиектері ернеумен жиектелген.

Медал құлақша мен сопақша буын арқылы екі бүйірінде ойығы бар тікбұрышты тағанға жалғанады. Тағанның ені — 29 мм, биіктігі — 25 мм (төменгі қырын қоса алғанда). Тағанның негізі бойында саңылаулар орналасқан, оның ішкі бөлігі ені 24 мм қызыл түсті жібек қатқыл таспамен тысталған. Таспада бойлық төрт сары жолақ бар: ортасында — екеу, жиектерінде — бір-бірден. Тағанның артқы жағында медалді киімге бекітуге арналған түйреуіш бар.

Суреттеме

Әдебиет

Санат:КСРО медалдары