нобай Персей шоқжұлдызы — түнгі жұлдызды аспанда гректің λ әрпіне ұқсас көрінеді. Түнгі тұнық аспанда одан жай қырағы көзге тоқсанға жуық жұлдыз шалынады. Персей шоқжұлдызындағы β әрпімен белгіленген ең жарық жұлдызға көңіл бөлген жөн, оған Алголь деген ат берілген. Алголь-айнымалы – тұтылмалы қос жұлдыз. Персей шоқжұлдызының γ жұлдызы төңірегінен шілде айының 18-і мен тамыз айының 20-сы аралығында персеидтер деп аталатын жұлдыз жауыны болып тұрады. Нөсерлі сәті тамыз айының 12–13-терінде өтеді."Алматыкітап баспасы". Менің алғашқы энциклопедиям. Сужикова А.У., Солтанғазина М.Қ.
Тарихы Мифологиялық Персей – ең танымал ежелгі грек мифтерінің бірінің басты кейіпкері. Жай көзге көрінетін әлсіз жұлдыздармен бейнеленген Персей шоқжұлдызы дөңгелек затты алыстан ұстап тұрған адам ретінде көрінеді. Кассиопея, Цефей, Пегас және Андромеда шоқжұлдыздары Персеймен байланысты мифтердің біріне сюжеттік топ құрайтындай етіп орналастырылған. Сәл әрірек жерде осы мифте кездесетін құбыжықтың атымен аталған Цет шоқжұлдызы орналасқан.
Дереккөздер
Санат:Жұлдыздар Санат:Астрономия Санат:Астрология