Ада Йонат (; 22 маусым 1939, Иерусалим)FemBio — израильдік кристаллограф, химия бойынша 2009 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Лондон Корольдік қоғамының шетелдік мүшесі (2020).
Өмірбаяны Болашақ ғалым Иерусалимде Лодзьдан (Польша) The Jerusalem Post сол кездері көшіп келген кедей көкөніс өндіруші отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасы Хиллел мен Эстер Лившиц 1933 жылы Иерусалимге қоныстанды. Аданың әкесі раввиндік мұрагер отбасынан шыққан және өзі раввин болғанымен, денсаулығының нашарлығы оның өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік бермеді. István Hargittai, Magdolna Hargittai “Candid science 6”: Interview with Ada Yonath (p. 390) 1949 жылы әкесі мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін, Ада әлі кішкентай кезінде анасымен және екі жасар сіңілісісі Нұритпен бірге Тель-Авивке көшті.
Ол бакалаврды 1962 жылы, магистратураны Иерусалимдегі Еврей университетінде 1964 жылы оқыған. 1968 жылы Реховоттағы Вейцман институтында рентген құрылымдық зерттеулері бойынша докторлық дәрежеге ие болды. 1969-1970 жылдары ол АҚШ-та, оның ішінде Массачусетс технологиялық институтында жұмыс істеді. 1988 жылдан бастап Вайцман институтының құрылымдық биология кафедрасында сабақ береді.Петров, Пётр. Нобелевская премия по химии — 2009
Рибосомаларды зерттеу саласындағы бастаушылардың бірі. Сондай-ақ ол бірінші болып төмен температуралы ақуызды кристаллографияның техникасын қолданды. Антибиотиктердің рибосомаға және организмнің антибиотикке төзімділік механизмдеріне әсері туралы зерттеді. Бұл зерттеу жұмысы, кейінірек, дәрілік терапияның клиникалық тиімділігін зерттеу процесінде маңызды қадам болды.
НАСА басқармасымен зерттеу жұмыстарында әріптес болды.Дом ученых и специалистов Реховота: Поздравляем Аду Йонат, которая работает в Реховоте в институте Вайцмана, с присуждением Нобелевской премии по химии
Қазіргі уақытта ол биомолекулалық құрылым орталығының жетекшісі.
Саяси көзқарасы Профессор Йонат оған Нобель сыйлығын беру туралы хабарланғаннан кейін, ол Цахаль радиосында (ағылш. “Galei Tzahal”) берген сұхбатында израильдік сарбаз Гилад Шалиттің палестиналық тұтқынынан босатылуымен ешқандай байланысы жоқ, сол жерде түрмеде отырған барлық лаңкестерді Израиль түрмелерінен босатуға және олардың израильдіктерді өлтіруге себептері жоқ екеніне көз жеткізуге шақырды.Нобелевская лауреатка призывает освободить террористов
2016 жылы ол 100-ден астам Нобель сыйлығының лауреаттарымен бірге Greenpeace, Біріккен Ұлттар Ұйымына және бүкіл әлем үкіметтеріне генетикалық түрлендірілген организмдерге (ГТО) қарсы күресті тоқтатуға шақырған хатқа қол қойды. 107 Nobel laureates sign letter blasting Greenpeace over GMOs
Жетістіктері нобай|Ада Йонат лабраторияда 2002 - Рибосома зерттеулері үшін химия саласындағы Израиль мемлекеттік сыйлығы. 2002 ж. - Ф.А. Коттон медалі 2002 - Харви сыйлығы 2004 - Мэссри сыйлығы 2004 ж. - Пол Каррераның алтын медалі 2005 - Луиза Гросс Хорвиц атындағы сыйлық 2006 - Ротшильд сыйлығы 2006 - Химия саласындағы Вольф сыйлығы (Джордж Фехермен бірге) («рибосомалар механизмі саласындағы ерекше құрылымдық жаңалықтар үшін») 2006 - EMET сыйлығы 2007 - L'Oréal сыйлығы - ЮНЕСКО-ның Еуропадағы «Ғылымдағы әйелдер үшін», «ақуыз синтезінің құрылымын және антибиотиктермен басылуын зерттегені үшін». 2007 - Пол Эрлих және Людвиг Дармштадт сыйлығы 2008 - Альберт Эйнштейн сыйлығы 2009 - Химия бойынша Нобель сыйлығы 2010 - Вильгельм Экснер медалі 2011 - Мари Кюри медалі 2011 - Эрна Гамбургер сыйлығы 2014 - Эрстед дәрісі H.C. Ørsted lecture - DTU
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Химиктер Санат:Лондон корольдік қоғамының шетелдік мүшелері Санат:Израиль химиктері Санат:Израиль биологтары Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшелері