Аксинит — боросиликаттар класының минералы. Бұл тастың атауы оның пішініне байланысты, грек тілінен "аксе" - балта дегенді білдіреді. Оны Рене Жюст Гауи 1797 жылы ашқан.
Кен орындары Аксиниттің ірі кен орындары Францияда (Уазан, Изер), АҚШ-та (Калифорния, Нью-Джерси), Ресейде (Орал) табылды. Сирек көгілдір кристалдар Танзанияда, ал күлгін кристалдар Невада штатында(АҚШ) орналасқан.
Қасиеттері Аксиниттің түсі қоңыр және қызыл-қоңырдан алтын түске дейін өзгеріп, сирек жағдайда көк немесе күлгін болуы мүмкін. Оның құрамында кальций, алюминий, темір және марганец кездеседі. Аксинит көбіне контактілі метаморфизм және гидротермалдық процестер нәтижесінде түзіледі. Бұл минерал симметрияның пинакоидты формасымен сипатталады. Сондықтан ол көп қырлы болады. Аксинит деген атпен бір кристалды торға ие минералдар тобы жатады. Олар катиондық бөлікте изоморфты алмастырулармен ерекшеленеді. Аксинит пьезоэлектрлік және пироэлектрлік қасиеттерге ие. Минерал өте қатты және сыртқы әсерлерден зардап шекпейді. Қаттылығы — 6-7,5. Тығыздығы — 3,27-3,29.
Пайдалануы
Минерал зергерлік салада кабохон мен басқа әшекей бұйымдар өндірісінде қолданылады. Аксинитті кесу сопақша немесе алмұрт тәрізді болады. Әйел ауруларын емдеуге көмектеседі, мысалы, мастопатияның дамуын болдырмау мен лактацияны арттырады. Сонымен қатар, осы минералмен жасалған сырғалар бас ауруын жояды, тыныштандыратын және эмоционалды фонды тұрақтандыратын әсерге ие.</big>
Санат:Минералдар