"Лужникидегі трагедия" деген атпен тарихта қалған 1982/83 жылғы УЕФА кубогынның 1/16 финалындағы "Спартак" - "Харлем" матчы. Матч Мәскеудегі В. И. Ленин атындағы орталық стадионда өтті. Матчтың соңғы жағындағы топалаңда 66 адам мерт болдыhttp://october20.ru/site/20-07-89_izvestiya.html .

Кеңес бұқаралық ақпарат құралдары бұл құрбандар саны жайлы 1989 жылы ғана нақты ақпарат берді. Матч Матчтан бір күн алдын қар жауды. Ал ойын болатын күні ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеді. Бұл ең суық астана саналатын Мәскеудің өзінде қазан айында сирек болатын ауа райы. Суық күнде матч тамашалайтындар аз болғандықтан, 80 мың билеттің тек 16 мыңы ғана сатылды. Ол кезде стадионға шатыр жоқ еді, стадион қызметкерлері тек екі трибунаны ғана қардан тазалап үлгерді.

Матчтың бас жағында "Спартак" есеп ашты. Ал екінші таймда ойын тіпті солғындап кетті. Суыққа тоңған жанкүйерлер қызықсыз матчтан жалығып, біртіндеп үйлеріне қайта бастады. Қайтқан жанкүйерлердің көбі жақын жердегі метроға төтелеп жету үшін С трибунасындағы 1-ші баспалдақ арқылы стадионнан сыртқа шықты.

Матчтың бітуіне 20 секунд қалғанда "Спартак" бұрыштама арқылы екінші голды соқты. Осы сәтте жаңағы 1-ші баспалдақпен қайтып бара жатқандар стадионға қайта кірмек болып, бір-бірін баса-көктеп ішке ұмтылды. Бей-берекет қимылдың соңы қайғылы аяқталды, 66 жанкүйер сол жерде аяққа тапталып қаза тапты. Оның көбі 25-ке жетпеген жас жігіттер болатын.

Тағы бір деректерде баспалдақтан түсіп келе жатқандар арасында бір кішкентай қыз құлап қалған, соны тұрғызам деп бірнеше адам бөгелген. Бірақ артынан келе жатқандар тоқтай алмай, бір-бірінің үстіне құлаған.

Кейін осы іс бойынша сот қозғалып, стадион директоры В. А. Кокрышев пен комендант Ю. Л. Панчихин кінәлі деп табылды да, үш жылдан жазаға кесілді. Бірақ КСРО-ның 60 жылдығына орай берілген амнистияға Кокрышев ілікті, ал Панчихиннің жазасы екі есе жеңілдетілді.

Кеңестік басылымдар бұл трагедия жайлы жақ ашпады. Тек матчқа шолу жасады да қойды. Тіпті "Харлем" футболшыларының өзі бұл трагедия жайлы жеті жылдан соң ғана естиді.

Кейін қаза болған 66 адамға арнап ескерткіш тұрғызылды.

Детальдар

Спартак: Қ1 Ринат ДасаевҚР 2 Владимир СочновҚР 3 Борис ПоздняковҚР 4 Владимир ЩербакҚР 5 Олег Романцев (к)Ж6 Сергей ШавлоЖ7 Сергей ШвецовЖ8 Эдгар ГессЖ9 Юрий ГавриловШ 10 Фёдор ЧеренковШ 11 Сергей РодионовЖаттықтырушы: Константин БесковХаарлем: Қ1 Эдвард МетгодҚР 2 Кит МейсфилдҚР 3 Крис ВеркайкҚР 4 Люк НейхолтҚР 5 Алвин ЛейснерҚР 6 Мартин ХарЖ7 Вим БалмЖ8 Пит Кёр Ж9 Йоп БёклинхЖ10 Герри КлетонШ 11 Франк ван ЛеенАлаңға шыққандар: Томми Кристиансен Жаттықтырушы: Ханс Ван Дорнефелд

Қайтыс болған адамдар тізімі № Аты-жөні Жасы 1 Абдулаев Ильдар 15 2 Абдулин Әнуар 29 3 Аникин Володя 14 4 Бағаев Сергей 14 5 Баранов Игорь 17 6 Беженцова Виктория 17 7 Бережан Аліксандр 15 8 Бакутенкова Надежда 15 9 Борисов Олег 16 10 Буданов Михаил 17 11 Волков Дмитрий 16 12 Викторов Олег 17 13 Воронов Николай 19 14 Голубев Владимир 33 15 Гришанков Александр 15 16 Дерюгин Игорь 17 17 Евсеев Анатолий 16 18 Егоров Владимир 16 19 Ермаков Анатолий 43 20 Жидецкий Владимир 45 21 Завертаев Владимир 23 22 Заев Алексей 17 23 Зарембов Алексей 28 24 Зисман Евгений 16 25 Зозуленко Владимир 18 26 Қалаяжан Уартан ? 27 Калинин Николай ? 28 Қарпасов Максим 17 29 Кёрбс Эғберт 23 30 Киселев Владимир 40 31 Клименко Александр 18 32 Королёва Елена 16 33 Костылин Алексей 18 34 Құстыков Владислав 16 35 Гусев Николай 27 36 Ларьянов Юлий 19 37 Лебедев Сергей 16 38 Лисаев Владимир 24 39 Лішқұн Николай 30 40 Люсанова Светлана 15 41 Мартынов Александр 22 42 Мильков Алексей 17 43 Мосичкин Олег 17 44 Мұратов Александр 39 45 Новострұев Михаил 15 46 Пәніс Михаил 37 47 Политиков Сергей 14 48 Попков Александр 15 49 Пятничин Николай 23 50 Радионов Константин 16 51 Родин Сергей 16 52 Самоварова Елена 15 53 Сергонечев Валерий 19 54 Скотников Станислав 16 55 Сударкина Зинаида 37 56 Тамамян Левон 19 57 Уваров Михаил 14 58 Османов Дмитрий 17 59 Усов Сергей 17 60 Федин Константин 16 61 Фунтиков Владимир 24 62 Хлебчук Игорь 18 63 Чеботарев Олег 20 64 Чернишев Виктор 42 65 Шабанов Игорь 19 66 Шағын Игорь 19

Дереккөздер

Сілтемелер Жиырмасыншы қазан Трагические события 20 октября 1982 года в «Лужниках» Санат:1982 жылғы футбол Санат:Спартак Мәскеу ФК ойындары Санат:УЕФА Еуропа Лигасы Санат:Харлем ФК ойындары