Диогу Жозе Тейшейра да Силва (), немесе қысқаша Диогу Жота (; 4 желтоқсан 1996 жыл,https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/340950 Масарелуш – 3 шілде 2025 жыл, Сернадилья) — португалиялық футболшы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы

Клубтық "Пасуш де Перрейра" клубының түлегі. 2014 жылы карьерасын осы клубта бастап, сол жылы 14 қарашада Португалия кубогында "Атлетико Регуеншеге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. 2015 жылы 20 ақпанда "Витория Гимарайншқа" қарсы ойында тұңғыш рет Португалия чемпионатында алаңға шықты. Тұңғыш голын сол жылы 17 мамырда "Академика Коимбра" қақпасына соқты.

2016 жылы "Атлетико Мадридке" ауысты. Бірақ испаниялық клубта қосалқы құрамда отырып қалды да, "Портуға" жалға берілді. "Порту" сапында Чемпиондар лигасындағы тұсауы кесілді, 7 желтоқсанда "Лестер Ситиге" қарсы ойында алаңға шығып, бір гол соқты.

2017 жылы Англия чемпионшипінде ойнайтын "Вулверхэмптонға" жалға берілді. 2018 жылы жазда "Вулверхэмптон" футболшыны 12 млн еуроға түпкілікті сатып алды.

2020 жылы жазда "Ливерпуль" Диогуды 41 млн еуроға сатып алды да, бес жылдық келісім шарт жасасты.

Құрама Португалияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне қатысатын футболшылар тізіміне енді, бірақ алаңға шықпады. Соған қарамастан турнир жеңімпазы атанды.

2019 жылы 14 қарашада Литваға қарсы ЕУРО-2020 іріктеуінде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.

Өлімі 2025 жылдың 3 шілдесінде Жота мен оның інісі Андре Испанияның Самора провинциясында жол апатынан қаза тапты. Олар Ливерпульге маусымалды жаттығу жиынына қайтып келе жатқан болатын. Жота жуырда Португалияда өкпесіне жеңіл хирургиялық ота жасатып, үйленген еді. Дәрігерлердің ұшуына тыйым салуына байланысты, ол Англияға Испанияның Сантандер қаласынан кететін пароммен қайтуды жоспарлаған. Жота және інісі Сантандерге қарай Lamborghini Huracán көлігімен келе жатқанда, Испания азаматтық гвардиясының хабарлауынша, A-52 тасжолында басқа көлікті басып озу кезінде дөңгелек жарылып, көлік жолдан шығып кетіп, Сернадилья муниципалитетінің 64-шақырымында өртеніп кеткен. Апат Орталық Еуропа жазығы уақытымен 00:30 бен 00:40 арасында болған. Жедел қызмет өкілдері екі ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын растады. Жотаның жасы 28-де, ал інісі 25-те болған.

2025 жылдың 4 шілдесінде Португалияның Гондомар қаласында ағайындылардың қоштасу рәсімі өтті. Оған жүздеген туыстары, достары мен қоғам қайраткерлері, соның ішінде Премьер-министр Луиш Монтенегру мен Президент Марселу Ребелу де Соуза қатысты. Келесі күні таңертең Гондомардағы жергілікті шіркеуде қоштасу рәсімі өтті, оған Порту епископы Мануэл Линда жетекшілік етті. Ливерпуль ойыншылары Вирджил ван Дейк пен Эндрю Робертсон Жота мен Силваға арналған гүл шоқтарын алып жүрсе, Португалия құрамасының ойыншысы Рубен Невиш Жотаның табытын алып жүрді. Рәсімнен кейін ағайындылар шіркеудің іргелес зиратында қатар жерленді.

Жетістіктері

Клубтық Вулверхэмптон

Англия чемпионшипінің жеңімпазы: 2017/18 «Ливерпуль» Англия чемпионы: 2024/25 Англия кубогы: 2021/22 Лига кубогы: 2021/22, 2023/24

Халықаралық Португалия

УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы: 2019, 2025

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пасуш де Феррейра ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары