Ана Роке де Дюпре, немесе "Флора дель Валле" (Алқап Гүлі) деп аталады (1853 ж.18 сәуір – 1933) — мұғалім, жазушы, суфражист және Пуэрто-Рико университетінің негізін қалаушылардың бірі болған тұлға.
Жас жылдары
Ана (шын есімі: Ана Роке Гейгель) Пуэрто-Рикодағы Агуадильяда дүниеге келді. Ол кітаптар арасында өмір сүрді және үш жасында жазуды үйренді. Ана фортепианода ойнай алады және өте жақсы сурет салады. Оның анасы 4 жасында дүниеден өткендіктен, оны үшеуі де мұғалім болған — әкесі, тәтесі және әжесі өсірді. 1860 жылы Ана жеті жасқа толғанда қарапайым мектепке оқуға барды және оны екі жылдан кейін бітірді. Ол өзін-өзі тәрбиелеуді жалғастырды. 11 жасында Пуэрто-Рикодағы мұғалімнің ең жас көмекшісі болды және 1864 жылы ең жас оқытушыға айналды. 1866 жылы 13 жасында Ана үйінде мектеп ашты. Сонымен қатар, ол өзінің оқушыларына арналған география оқулығын жазды, оны кейінірек Пуэрто-Рико Білім Департаменті қабылдады. Ол нұсқаушының рұқсатын алуға өтініш беріп, емтихан тапсырды. Ана Роке де Дюпре - Ұлттық Әйелдер Тарихи Мұражайы
Қоғамдық кітапхананың мүшесі болған алғаш пуэрторикалық әйел
1872 жылы Ана заң мәселелерімен айналысатын, үлкен жер иесі Луис Дюпреге тұрмысқа шықты. Ол Пуэрто-Рико Үкіметінің мәселелеріне қызығушылық танытты. Дюпре екеуініӊ бес баласы болды. Олардың үшеуі - Луис Энрике, Боринкен және Америка.
1800 жылдардың аяғында Ана астана Сан-Хуанға көшті. Ана астрономия мен білімге құштар болды. Оның отбасылық үйі астрономия, ботаника және музыка туралы пікірталастар өтетін жерге айналды. Сол жылы оның ең жақыны - күйеуі дүниеден озып, ол кішкентай балаларымен жалғыз қалды.
Жасаушы және таратушы
1884 жылы Анаға Аресибода мұғалімдік орын ұсынылды, ол оны қабылдады. 1885 жылы ол Губерниялық Институтта ғылым мен философияны бойынша бакалавр дәрежесін алған болатын. Ескі Сан-Хуандағы Сан-Франциско мен Танка көшелерінің бұрышындағы үйінің төбесінде ол телескоптың көмегімен астрономия туралы конференциялар өткізетін. Ол 5000-нан астам баланы және 110 мұғалімді оқытты. Ол алгебра пәнінен, испан, француз және латын тілдерінен жеке сабақтар берді. 1899 жылы Ана Сан-Хуан мектебінің директоры болып тағайындалды.Ана Роке де Дюпре 1898 жылы Ана Пуэрто-Рикодағы ең алғашқы болып "әйелдерге арналған"- La Mujer журналын шығарды.El Buscapie, El Imparcial және El Mundo газеттеріне мақалалар жазды. La Evolucion (1902), La Mujer del Siglo XX (1907), Album Puertorriqueño (1918) және Heraldo de la Mujer (1920) және басқа да әйелдерге арналған басылымдардыӊ негізін қалады.
Мақалалардан өзге Ана көркем және ғылыми - публицистикалық жанрда бірнеше кітап жазды. Олардың ішінде: Ла Обрера , Луз и Сомбра , Сара кіреді. Оның Пуэрто-Рикалық Флора атты кітабы жоғары бағаланды және Төртінші ғасырдың Христиан Өркениеті Ұйымы марапатына ие болды. Роке Антиль ботаникасын жазды. XX ғасырдың басында Кариб теңізіндегі өсімдіктер әлемін жан-жақты зерттеді. Париж астрономдар қоғамының құрметті мүшесі болды. Ана Роке де Дюпре —— Пуэрто-Риконың таңқаларлық тәрбиешісі және суфражисттік қаһарман
Пуэрто - Риконың Маягвес қалашығындағы университеттің негізін қалаушы
Ана өзінің білімін әйелдер мен қыздардың мүдделерін алға жылжыту үшін пайдаланды. Ол қыздарға арналған бірнеше мектеп ашты. 1902 жылы Роке өзінің үйінде Мұғалімдер академиясын ашқан болатын. Ол Білім Департаментінде сабақ беріп, студенттерді емтихандарға дайындады. Білім беруге деген қызығушылығының артуы арқасында Ана Понсеньо лицейін (Понстағы Қыздар орта мектебі) және де Маягвес колледжін (Пуэрто-Рико университетінің Маягвес кампусы ретінде дамыды) құрды. Ана Сан-Хуандағы Пуэрто-Рико университеті кампусын құруда үлес қосты. Ана Роке де Дюпре
Феминист
1917 жылы Ана басқа кәсіби әйелдермен бірігіп Пуэрто-Риконың әйелдер құқығын қорғайтын бірінші феминистік ұйым - Пуэрто-Рикодағы феминистік Лиганы құрған болатын. 1921 жылы ұйым Суфражистік Әлеуметтік Лига ретінде сайлау құқығына көңіл бөлді. Саяси келіспеушіліктер салдарынан әйелдер өзара бөлініп, Ана ізбасарларын әйелдер суфражисттер қауымдастығын құруға итермеледі. Олар әйелдің сайлау құқығы үшін шексіз күрес жүргізді. Бірінші кезең 1932 жылы бекітілгеннен кейін, 1935 жылы барлық сайлау жасындағы әйелдерге дауыс беру рұқсат етілді.
Мұра және Құрмет
1932 жылы Пуэрто-Рико университеті Анаға құрметті доктор дәрежесін берді. Сондай-ақ Пуэрто-Рикандық либералды партияның құрметті президенті лауазымын алды.
1933 жылы Ана Роке Гейгель де Дюпре Рио-Пьедраста қайтыс болды. Кейін Анаға арнап мемориал тұрғызылды. Оның есімімен Пуэрто-Рикодағы Умакао орта мектебі және Сан-Хуандағы көше аталды. Оның құрметіне Пуэрто-Рикандықтардың басым көпшілігі тұратын Иллинойс штатының Чикаго қаласындағы бастауыш мектеп аталды.
2020 жылы Ана Ұлттық Әйелдер Тарихи Альянсының лауреаты атанған болатын.
Сыртқы сілтемелер Ботаникалық жұмыстармен айналысқан екі әйелдің атына Кариб теңізіндегі екі құс ағашы Әйелдердің дауыс беру құқығы үшін күреспен танымал тұлға Ұлттық Әйелдер Тарихи Альянсы Кімнің мұрасы ?: 1870 жылдар мен 1930 жылдар аралығындағы әйелдер құқығын дауыстау
Дереккөздер Санат:18 сәуірде туғандар Санат:1933 жылы қайтыс болғандар Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:жазушылар Санат:ғалымдар Санат:Феминистер Санат:Пуэрто Рико тұлғалары