Сердар Халил Азмун (; 1 қаңтар 1995 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/180337, Гомбеде-Кавус, Мазендеран) — ирандық футболшы, Иран Ұлттық футбол құрамасы мен "Байер 04" клубының шабуылшысы.

Мансабы Балалық шағында бірнеше ирандық клубтардың мектебінен өтті. 2010 жылы Ирандағы күшті клубтардың бірі "Сепаханның" фарм клубында ойнады. Екі жылдан соң "Рубин" клубының скауттары 17 жасар футболшыға көзі түсіп, артынша келісім шарт жасасты.

2013 жылы 25 шілдеде "Рубин" сапындағы тұңғыш ойынын Польшаның "Ягодина" клубына қарсы өткізді, бұл Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерінің бірі болатын. 29 тамызда осы турнирдің плей-офф сатысында "Мольде" қақпасына тұғыш голын соқты.

2015 жылы қыста "Ростовқа" жалға берілді. 2016 ылы жазда "Ростов" футболшыны түбегейлі сатып алды.

2019 жылы 1 ақпанда "Зенитке" ауысты. 11 күннен соң УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалында "Фенербахчеге" қарсы ойнады.

Жетістіктері

Командалық

«Ростов»

Ресей чемпионатының ққола жүлдегері: 2015/16

«Зенит»

Ресей кубогы: 2019/20 Ресей суперкубогы: 2020

Иран құрамасы

Батыс Азия футол федерациясы кубогының жеңімпазы (17 ж): 2009 Азия кубогының қола жүлдегері: 2019

Жеке

Ресей чемпионатының үздік мергені: 2019/20 (17 гол) Ресей чемпионатындағы үздік 33 (3): № 1 — 2019/20, № 2 — 2018/19, № 3 — 2015/16

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Иран футболшылары Санат:Иран Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Рубин ФК ойыншылары Санат:Ростов ФК ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары