.gb — Біріккен Патшалыққа арналған резервтелген ел белгілемесі бар (ccTLD) жоғарғы деңгейлі интернет үйшігі. Бастапқыда Ұлыбританияның әріптік кодына сәйкес (Great Britain; ISO 3166-1 бойынша) аталған үйшік, кейіннен .uk үйшігіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта тіркеу жүргізу мүмкін емес.
.gb интернет үйшігі 1984 жылдың қазан айында RFC 920 стандартымен енгізілді. Бастапқыда ISO 3166-1 тізіміне сәйкес мемлекет атауының екі әріптік кодын қолдану арқылы ел белгілемесі бар жоғары деңгейлі үйшік болып құрылған бұл интернет үйшік кейін өзінен бірнеше ай бұрын бөлек құрылған .uk үйшігіне тез арада алмастырылды. Сондықтан, .gb ешқашан кеңінен қолданылмаған және қазіргі таңда бұл интернет үйшігіне тіркелу мүмкін емес.
.gb бірнеше жылдар бойы негізінен Ұлыбритания Үкіметі сайттары, өзге де үкіметтік ұйымдар мен X.400 негізіндегі электронды пошта инфрақұрылымын пайдаланатын коммерциялық электронды пошта қызметтері пайдаланды.
2022 жылдың қараша айы бойынша Ұлыбритания орталық цифрлық және деректер кеңсесі 2023 жылдың басында ICANN-ді Ұлыбритания .gb үйшігін толық қолданыстан шығаруға ниетті екенін хабарлауды жоспарлап отыр.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер IANA сайтында .gb интернет үйшігі туралы whois ақпараты
Санат:Ел белгілемесі бар жоғары деңгейлі үйшіктер