Бхимрао Рамджи Амбедкар (English: Bhimrao Ramji Ambedkar; Marathi: भीमराव रामजी आंबेडकर) (14 сәуір 1891 - 6 желтоқсан 1956), сонымен қатар Доктор. Бабасахеб Амбедкар, үнді заңгері, экономист, саясаткер және әлеуметтік реформатор болған. Ол Далит буддистік қозғалысын шабыттандырды және қол тигізбейтіндерге (далиттерге) қатысты әлеуметтік кемсітушілікке қарсы үгіт-насихат жүргізді. Ол сондай-ақ әйелдер мен еңбек құқықтарын қолдады. Ол тәуелсіз Үндістанның алғашқы заң және әділет министрі, Үндістан конституциясының сәулетшісі және Үндістан Республикасының негізін қалаушы болды.Bhimrao AmbedkarAmbedkar Jayanti 2019: Facts on Babasaheb to share with kids | Parenting News,The Indian ExpressHow India’s Most Downtrodden Embraced the Power of Statues Bhimrao Ramji Ambedkar | Biography, Books, & Facts | BritannicaAll You Need To Know About BR Ambedkar On His 129th Birth Anniversary
1956 жылы ол 600000 жақтастарымен буддизмді қабылдай отырып, далиттерді жаппай конверсиялауды бастады. Ол Үндістанда буддизмді қайта жандандырды. Амбедкар навайана буддистерінің арасында бодхисаттва, майдар ретінде қарастырылады.https://theprint.in/opinion/why-ambedkar-chose-buddhism-over-hinduism-islam-christianity/237599/https://indianexpress.com/article/explained/buddha-purnima-special-why-ambedkar-coverted-to-buddhism-6397742/https://www.thequint.com/news/india/br-ambedkar-conversion-to-buddhism
1990 жылы Амхедкарға қайтыс болғаннан кейін Үндістанның ең жоғары азаматтық марапаты - Бхарат Ратна тағайындалды. Амбедкар мұрасында көптеген мәдени ескерткіштер мен бейнелер бар. Амбедкардың қоғамдық-саяси реформатор ретіндегі мұрасы қазіргі Үндістанға терең әсер етті.
Амбедкар 2012 жылы History TV18 және CNN IBN ұйымдастырған сауалнама нәтижесінде «Ұлы Үндістан» (The greatest Indian) болып танылды.https://www.outlookindia.com/magazine/story/a-measure-of-the-man/281949
Амбедкар Джаянти (Амбедкардың туған күні) - бұл 14 сәуірде атап өтілетін жыл сайынғы фестиваль, ол Үндістанда ғана емес, бүкіл әлемде тойланады. Амбедкар Джаянти бүкіл Үндістанда ресми мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі.http://ccis.nic.in/WriteReadData/CircularPortal/D2/D02est/12_6_2015_JCA-2-19032015.pdf Ambedkar Jayanti from ccis.nic.in on 19 March 2015http://persmin.gov.in/ Webpage of Ministry of Personnel and Public Grievance & Pension125th Dr. Ambedkar Birthday Celebrations Around the World. mea.gov.in БҰҰ 2016, 2017 және 2018 жылдары Амбедкар Джаянтиді атап өтті.
Дереккөздер
Санат:Үндістан саясаткерлері Санат:Үндістанда туғандар Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстар қатысушылары