thumb|right|300px|Білім экономикасындағы прогресстің іске асу циклі (ғылыми байқау - технологиялық тапқырлау - өндірістік қолдану - бедерсіздену, бас тарту - қайтадан жаңа ізденіс жасау) thumb|right|300px|Білім экономикасы деңгейіндегі елдердің ұлттық кірісі жоғары. (Жан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізімі, 2015 жылғы, АҚШ доллары бойынша, сұрылары дерексіздер) Білім экономикасы (, немесе Білімге негізделген экономика, ) — тауар өндіру мен сервистер тікелей білімнің шоғырлануын негіз ететін экономикалық жүйе болып, ол техникалық және ғылыми инновациялардың жедел дамуын және тез-тез бедерсізденіп, жаңа деңгей жаратып отыруын туғызады. Мұндай экономика типінде тауар құны адами капиталы мен зияткерлік меншік бойынша инновациялық идеялардан, ақпараттардан және шебер практикалардан қалыптасады. Мұндай жүйеде түрлі ұйымдар өз өндірісі мен қызметін "біліммен" толық әрі жан-жақтылы қаржыландырып, бизнесті дамыту процесіне ынталандырып, еңбек өнімділігін арттыруға баса мән береді. Ондай қоғамда материалдық салымға және табиғи ресурстарға аз сенім артылады. Білімге негізделген экономика бейматериалды активтердің шешуші рөліне сүйеніп, заманауи экономикалық өсімге қол жеткізеді. Білім экономикасында "білім" тауар құнының негізгі бөлігін иелейді, яғни мәлім тауарды құнды ететін нәрсе оның заты (шикізаты) емес, оған жұмсалған білім. Сондықтан заты, яғни шикізаттың құны қай-қашанда өндірген тауардан көп төмен болады, және үздіксіз төмендей береді; ал жаңа білімнің үздіксіз жарыққа шығуы мен өндіріске енуіне орай білімнің құны артқан үстіне арта береді.

Білім экономикасы микроэкономикалық және макроэкономикалық ортадағы жоғары білікті жұмыскерлермен ерекшеленеді; мекемелер мен өндіріс орындары әлемдік нарық қажетін қанағаттандыру үшін арнайы шеберлікті қажет ететін жұмыс орындарын ашуға жұмылады, әлеуметтік сұраныс пен аса мол пайда да сол салада жатқан болады. Білім еңбек пен капиталға қосымша кіріс ретінде қарастырылады. Негізінен, адамның жеке капиталы оның білімі және экономикалық құн жаратуда соны қолдану қабілетін көрсетеді.

Білім экономикасында жоғары біліктілік негізіндегі жұмыс орындары үшін тамаша техникалық шеберлік пен қарым-қатынас шеберлігі қажет болады, мысалы, проблемаларды шешу, түрлі пән салаларындағы икемді интерфейстің болуы, сондай-ақ өнеркәсіпке негізделген экономикадағыдай физикалық объектіні нобайлап жасаудан дәл өлшемді етіп жасауға өту қатарлылар. Білім экономикасы біліктілілік пен технократияға аз мән беретін аграрлық экономикадан мүлде өзгеше сипат пер өнімділікке ие.

Білім экономикасы постиндустриалды экономика деп те аталатын, экономикалық дамудың үшінші кезеңі болып табылатын сервис экономикасындағы шеберліктерге үлкен мән береді. Ол бейфизикалық капитал ретіндегі ақпараттың маңыздылығына мән беретін ақпараттық экономикаға да, сондай-ақ ақпарат технологиясылардың экономикадағы игілігіне назар аударатын цифрлы экономикаға қатысты. Компаниялар үшін зияткерлік меншік, мысалы, сауда құпиялары, авторлық құқықпен қорғалған материалдар және патенттелген процестер білім экономикасында бұрынғы дәуірлерге қарағанда анағұрлым құнды болады.

Дүниежүзілік экономиканың білім экономикасына қарай өтуі ақпарат ғасыры деп аталатын ақпараттық қоғам қалыптастыруда. Білім экономикасы терминін алғаш рет Питер Друкер «Жалғасымсыздық дәуірі» (1969) кітабының 12-тарауында тақырып ретінде қолданған, ал Друкер бұл идеяны экономист Фриц Мачлупке тәуелдейді, ал ол экономист Фредерик Уинслоу Тейлор жасаған ғылыми менеджмент идеясын дамытқан болатын.

Ұғымдар thumb|right|200px|"Алау көтерушілер" (Los portadores de la antorcha) - білімнің ұрпақтан ұрпаққа берілуін бейнелейді. Анна Хаятт Хантингтонның мүсіні. (Сиудад Университеті, Мадрид, Испания) Білім негізіндегі экономика және Адам капиталы Білімге негізделмейтін экономикалық жүйе ақылға сыймайды деп саналады. Білім экономикасы менеджер/жұмысшы/қызметшілер экспертизасына сұраныс туғызады, заманауи дамыған экономикалардағы жеке экономикалық белсенділіктің маңызына жүгінеді, зияткерлік капиталға негізделген тұтыну мен өндіру процесін қалыптастырады, сөйтіп типтік түрде шоғырлы білім негізгі үлескер болатын, өзара байланысты және дамыған әлемдік экономиканы құрады.

Қазіргі "білім" ұғымы Гилберт Райлдың және Израиль Шефлердің тарихи және философиялық зерттеулерінен бастау алады; олар білімді "процедуралық білім" және "тұжырымдамалық білім" терминдерімен сипаттады, әрі шеберліктің (skills) екі түрін анықтады: "дағдылы қабілеттер, не құралдар" және "сыни шеберліктер", бұлар интеллектуалды өнімділік туғызады; бұл идеяны Лундвалл мен Джонсон одан әрі жетілдірді, олар "білімді" экономикалық төрт үлкен категориямен айшықтап көрсетті:

"Нені білу" (Know-what): факттер туралы білім болып, ақпаратты меншіктенуді білдіреді. Мысалы, елдің халқы мен тарихи туралы дәлелдерді айтуға болады. Ақпарат төңкерісі пайда болуына ілесіп, заң және медицина сияқты күрделі мамандықтар осы санаттағы білім мен экспертиза аса зәру болып қалады. "Неліктенді білу" (Know-why): адам санасы мен қоғамның табиғи қозғалыс заңддары мен қағидаларын зерттеу. Ол ғылыми және технологиялық салалардағы теориялық зерттеулерге қатысты болады, ал оны университеттер мен мамандандырылған компаниялар секілділердегі өндіріс процесі мен өнімді дамыту бойынша инновацияларды туғызады. Ол сондай-ақ процедуралардағы қателік жиілігін төмендетуге көмектеседі. "Кімдікті білу" (Know-who): нақты және таңдамалы әлеуметтік байланыстарға қатысты болады, яғни шешімді білетін және қиын жағдайдан шыға алатын түйінді тұлғаларды анықтау. Сондай-ақ инновациялық жетістікке жету үшін қажетті ғылыми білімдерді білуге қарағанда үйлесімді адамдарды табу тіпті де маңызды. "Қалайды білу" (Know-how): практикалық деңгейдегі әртүрлі істерді орындау шеберлігі мен тәжірибесі. Тұлғалар бірыңғай практика үлгісі бойынша топтарда тәжірибе алмасады. Бұл кәсіпорынның адами капиталын құрайды. thumb|right|200px|Ғалымдардың зерттеу ынтымақтастығы Білім экономикасында адами зияткерлік экономикалық күшеюдің негізгі қозғатушысы болады. Бұл экономикада мүшелер экономикалық және әлеуметтік дамуды іске асыру үшін білімді жинақтаумен, жаратумен, тарқатумен және қолданумен айналысады. Дүниежүзілік банк адами капиталға негізделген экономиканың негіздерін анализдеп, білім экономикасына қатысты мынадай төрт негізді жүйені атап көрсетті:

жақсы білім алған және шеберлігі толысқан жұмыс күші: білімге негізделген қуатты экономика құру жұмысшылардың үздіксіз үйрену, шеберлігін іс жүзінде шыңдау және білімін өнімді қолдана отырып жаңаны жасауға талпыну қабілеттерін талап етеді. Тығыз және заманауи ақпараттық инфрақұрылым: ақпарат-коммуникация технологиясы (АКТ) ресурстарына оңай қол жетімділік, сол арқылы жоғары транзакциялық шығындар кедергісін жеңіп, ақпарат пен білім қорларының өнімді түрде әрекеттесуін, таралуын және өңделуін іске асыру. Тиімді инновациялық жүйе: фирмалар, өнеркәсіптер және мемлекеттер жоғары инновациялық деңгейге жетіп, ең жаңа әлемдік технологиялар мен адами интеллектке сай болуын, сол арқылы елдің ішкі экономикасы қарқынды дамуға қол жеткізуі. Кәсіпкерлікке және білімді қолдануға ынталандыратын институционалдық режим: Экономикалық жүйе кәсіпкерлікке шабыттандырумен қатар ресурстарды жұмылдыру мен тимді бөлуге ынталандыруға тиіс.

Әлемдік экономика материалдық өндірістің өзгеруін туғызған кезде, әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ғылымды, техниканы және экономиканы біріктіруге бейімделген экономикалық теориялардың ықпалды тетіктері қалыптасқан кезде білімге негізделген экономиканың күшті дамуы іске асты. thumb|right|200px|Питер Друкер Питер Друкер білім экономикасы туралы өзінің «Табысты жетекші 1966» (The Effective Executive 1966) кітабында талқылады. Кітапта ол қара жұмысшы мен білімдік жұымысшы арасындағы айырмашылықты сипаттады. Қара жұмысшы дене еңбегімен жұмыс істейтін, тауар және сервис саласында өндіріспен айналысатын адам. Керісінше, білімдік жұмысшы қолымен емес, басымен жұмыс істейді және идея, білім және ақпарат өндіреді.

Білім экономикасын формализациялау және модельдеу тұрғысынан айтқанда, "білім" туралы анықтамалар түсініксіз болып саналады, өйткені ол салыстырмалы ұғым. Мысалы, "ақпараттық қоғамды" "білім қоғамының" сервисі, немесе "білім қоғамының" әрекеті деп алмастыруға болатын-болмайтыны туралы жеткілікті аргумент жоқ. Ақпарат жалпы тұрғыдан білімге тең келмейді. Олардың қолданысы "экономикаға тәуелді" болатын жеке және топтық талғамға байланысты. Ақпарат пен білім өзге ресурстармен байланыссыз да өмір сүре алатын өндірістік ресурстар. Ресурстар бір-біріне өте тәуелді емес, егер олар басқа қол жетімді ресурстармен байланысса, бірден өндірістік факторға өзгереді; өндірістік фактор басқа факторлармен өзара әрекеттесу негізінде өз функциясын паш етеді. Интеллектуалды ақпаратпен байланысты білім дәстүрлі өндірістік факторлардан ерекшеленетін жаңа экономиканың өндірістік факторы болады.

Дереккөздер

Санат:Білім экономикасы Санат:Экономика тарихы Санат:Экономикалық жүйелер Санат:Экономикалық циклдер Санат:Ақпараттық технологиялар