Клаудио Джентиле (, 27 қыркүйек 1953 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/17220.html, Триполи) — италиялық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1982 жылғы әлем чемпионы.
Карьерасының басым бөлігін "Ювентуста" өткізіп, клубтық деңгейдегі жүлделердің көпшілігіне қол жеткізді. Тек УЕФА Чемпиондар лигасында ғана топ жара алмады (1983 жылы "Ювентус" финалда "Гамбургтан" сүрінді.
1978, 1982 жылдары әлем чемпионатына, 1980 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
Италия чемпионы: 1975, 1977, 1978, 1981, 1982, 1984 Италия кубогы: 1979, 1983 УЕФА кубогы: 1977 Кубок иелері кубогы: 1984 УЕФА суперкубогы: 1984 Әлем чемпионы: 1982
Бапкер ретінде
Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2004 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері
Сілтемелер Профилі (figc.it) Дереккөздер
Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Пьяченца ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары