Матьё Фламини (; 7 наурыз 1984https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/17396, Марсель) — франциялық футболшы, орталық жартылай қорғаушы.
Карьерасы "Олимпик Марсель" клубының түлегі, бес жасында футбол мектебіне қабылданды. Карьерасын да 2003 жылы "Олимпик Марсельде" бастады. 2003/04 жылғы маусым соңында УЕФА кубогының финалисі атанды.
2004 жылы "Арсенал" клубына ауысты. Бұл жақта да еурокубоктерде жолы болмады, 2006 жылы "Арсенал" Чемпиондар лигасының финалында "Барселонадан" сүрінді.
2008-13 жылдары "Миланда" ойнады.
2013 жылы "Арсеналға" қайта оралды.
2016 жылы "Кристал Пэласқа" ауысты.
2018 жылы "Хетафеге" ауысты.
Ұлттық құрамада 2007 жылы 7 ақпанда Аргентинаға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Франция Ұлттық құрамасы сапында алаңға шықты. Соңғы ойынын 2008 жылы 10 қыркүйекте Сербияға қарсы ӘЧ-2010 іріктеуінде өткізді. Жалпы барлығы үш матчқа ғана қатысты.
Жетістіктері
«Арсенал»
Чемпиондар лигасының финалисі: 2005/06 Англия кубогы: 2004/05, 2013/14, 2014/15 Англия суперкубогы: 2014, 2015
«Милан»
Италия чемпионы: 2010/11 Италия суперкубогы: 2011
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Кристалл Пэлас ФК ойыншылары Санат:Хетафе ФК ойыншылары