Халел Жағыпарұлы Өзбекғалиев (27.12.1928, Атырау қаласы – 26.4.2003, Алматы) – тау-кен инженері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1972).
Өзен, Жетібай, Теңге, Қаражамбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кен көзінің із ашары. Маңғышылықты игеруді ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.
Мәскеу мұнай институтын бітірген (1952). 1952 – 56 жылдары Даңғар мұнай барлау бөлімшесінде бұрғышы, аға инженер, 1956 – 59 жылы Мақат бұрғылау мекемесінің бас инженері, 1959 – 78 жылдары “Маңғыстаумұнайгазбарлау” тресінің бастығы, 1978 – 91 жылдары Қазақ КСР-і Геология министрінің орынбасары.
Өзбекғалиев Оңтүстік Маңғыстау мұнай, газ кеніштерін ашып, Өзен, Жетібай кен орындарын барлаудағы елеулі еңбегі үшін Лениндік сыйлығын алған (1966), Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен,Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. “Құрметті жер қойнауын барлаушы” атағы берілген (1988).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X томҚазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:27 желтоқсанда туғандар Санат:Атырауда туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:26 сәуірде қайтыс болғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген геологтары Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері