Сағыр Аймағамбетұлы Камалов (1905, бұрынғы Ақтөбе уезі, 9-а. – 1938) – жазушы, драматург.
Кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Өз аулында орталау мектепті бітіргеннен кейін Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқыды (1923 – 27). Қазақ мемлекеттік педогогикалық институтын бітірді (1931). 1931 – 37 жылы Алматы музыка мектебінің меңгерушісі 1938 жылы Қазақ драма театрының директоры қызметін атқарды.
Шығармашылығы
Тұңғыш шығармасы – “Таңдағы талап” әңгімесі 1930 жылы жарық көрді. “Ұшқыннан өрт” “Шахтада” “Колхоз қарауылы” “Ұсталды” “Алтай асуында” “№21-інші” “Екпінді №90” “Ордадағы ойран”, т.б. әңгіме, өлең, мақалалары жарияланды. “Қанды таяқ” пьесасы (1932 жылы Т.Жароковпен бірігіп жазған) “Екпін” атты әңгімелер жинағы “Алтай жолы” романынан үзінді жарық көрді. “Құттықтаймын” (1936) “Ер Тарғын” (1937) атты драмалық шығармалары жеке кітап болып шықты. Камалов либреттосын жазған “Ер Тарғын” операсы (1937, музыкасы Е.Г. Брусиловскийдікі) қазақ театрларының тұрақты репертуарына енді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:1905 жылы туғандар Санат:Ақтөбе уезінде туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан драматургтері Санат:КСРО драматургтері