Қазақстандағы аборттар 12 аптаға дейін таңдау рәсімі ретінде заңды, содан кейін ерекше жағдайларда ғана жасауға рұқсат етілген. Тиісті заңнама абортты контрацептив ретінде заңды түрде рұқсат еткен кеңестік заңнамадан мұраға қалған заңдарға негізделген.
Заңдар Қазақстанда аборттарды реттейтін заңдар "Ұрпақты болу құқықтары туралы заң" (2004), Қылмыстық кодекс (1997) және денсаулық сақтау министрлігінің аборттардың медициналық-әлеуметтік көрсеткіштері бойынша (2008).
Аборт келесі жағдайларда заңды болып табылады: Егер жүкті әйелдің денсаулығы мынадай тәсілдердің біріне тәуекелге ұшыраса, үш медицина қызметкерінен (гинеколог, мекеме басшысы және оның жай-күйі бойынша сарапшы) құралған комитетінен мақұлдау, сондай-ақ ауруды бекітілген тізімге енгізу талап етіледі. Егер әйелдің өмірі гестациялық жасқа шектеусіз қауіпте болса. Егер әйелдің жүктілік мерзімін шектеместен денсаулығына елеулі зиян келтірілсе. Егер әйелдің психикалық денсаулығына қауіпі болса. Сұрау бойынша, кез келген себеп бойынша, соның ішінде қан араласу қарым-қатынастардан жүкті болу сияқты себептер. Жүкті әйелде когнитивті немесе интеллектуалды бұзушылықтар болса. Ата-анасының немесе басқа ересектердің рұқсатын талап ететін кәмелетке толмаған қыздың жүктілігі..
Заңды аборттар жеке орталықтарда, әйелдер кеңес беру орталықтарында, перзентханаларда, әйелдер кеңес беру кабинеттері бар емханаларда, көптеген ауруханаларда және отбасылық топтық тәжірибелерде жүргізіледі. Жүктіліктің екінші триместрінде аборт тек перинаталдық орталықтарда, перзентханаларда және көп бейінді ауруханаларда жүргізілуі мүмкін.
Мемлекет аборттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды және аборт мүмкіндігін қарастыратын жүкті әйелді тексеруден өтуге міндеттейді. Заңсыз аборт жеткізушілері санкцияларға ұшырайды. Аборттан кейін контрацептивтер беріледі.
Тарихы Қазақстанда аборттардың таралуы туралы ақпарат негізінен екі дереккөздерден келіп түседі, олар: Қазақстанның денсаулық сақтау және демографиялық, медициналық зерттеу министрліктері. Бұл процедура біраз уақыттан бері заңды болғандықтан елде жоғары сапалы сауалнамалар мен басқа да деректер бар. Алайда деректер кейде бір-біріне қарама-қайшы келеді.
Кеңестік кезеңде XX ғасырдың басым бөлігінде, мемлекет қолдаудың арқасында Кеңес Одағында қолданылған контрацепцияның негізгі әдісі аборт болды.
1920 жылы экономикалық дағдарыс жағдайында заңды аборттар санитарлық жағдайларды қамтамасыз ету үшін қажетті шара болғандықтан, Кеңес Одағы уақытша шара ретінде талап ету бойыншағы аборттарды заңдастырды. Қазақстанда бұл заңдастыруға жергілікті қазақтар қарсы шықты. Келесі онжылдықта абортпен күрес қазақтар арасында Кеңестік (негізінен славяндық) шенеуніктер шабуылдаған мәдени бекініс ретінде рәсімделіп, маңызды ағымға айналды. Тіпті заңдастыру кезінде ресейлік билік қазақтардың абортқа қарсы тұруын қостады. Дәрігерлер абортты жиі қолдану денсаулыққа қауіпі бар екенін ескертті. Аборттар заңдастырылғаннан кейін, олар заң шығарушылар ойлағандай көп қолданылған жоқ - клиникалар қаржы тапшылығына ұшырап, пациенттер аборттарды өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болды. Аборттарды негізінен Қазақстанда тұратын этникалық орыс әйелдер жасады (барлығы аборттардың 0,002% негізінен қалалық аудандарда тұратын қазақ әйелдерімен жасалынды).
Қазақтар арасында негізінен өсімдікті аборт жасаушы құралдар қолданған дәстүрлі аборт жасау түрлері болғанымен, аборт жасау аттеріс болып саналған. Қазақстанда, Ресейдегідей аборттар саны 1927-1928 жылдары артты. Бұл өсім хирургиялық араласу туралы қол жетімді ақпарат көлемінің артуымен және жергілікті халықтың абортқа деген көзқарасының өзгеруімен байланысты болды. Заңсыз аборттар қысқара бастап, заңсыз аборттар деңгейі ұлғая бастады. Бұл жағдай шенеуніктердің мазасын алып, олар заңды аборттар тәжірибесіне сенбей бастап, оған тыйым салды.
Заңсыз аборттар дәрігерлердің келесі себептердің бірі бойынша аборт жасаудан бас тартқан жағдайда орын алды. Бұл себептер мұндай: бірінші триместрден кейінгі жүктілік, бірінші жүктілік немесе қауіпті аурулармен ұласқан жүктілік. Заңды қол жетімді аборттар заңсыз аборттарды толығымен жоймағандықтан, кеңестік үкімет аборттарды қылмыстандыру туралы шешімін қабылдауды мақұлдады. 1930-шы жылдардың басында кеңестік шенеуніктер аборттар мен оларды заңдастыруды ашық сынға алды. Қазақстанда контрацепцияның басқа әдістеріне қатысты ағартуларға қарсы шыққан, біртіндеп аборттарды тыйым салуды қорғағандар арасында кенеттен тыйым салу қандай нәтиже алып келетіндігіне алаңдаушылық туындады.
Заңды аборттар кезеңі 1936 жылдың 27 маусымында "Ана мен баланы қорғау туралы декретті" қабылдаумен аяқталды. Ол заңға сәйкес аборт жасау құқығына тек өміріне қауіп төнген пациенттер ғана ие болды. Заңсыз аборттар қауіпсіз санитарлық шарттарға кепілдік бермеді. Облыстық үкімет заңның сақталуын бақылау жүйесін белгіледі: дәрігерлер ай сайынғы комиссияның қарауына жүктілікті тоқтату туралы сұрау жібере отырып, өз тәжірибесін декларациялауы керек болды.
Аборттардың заңсыз болуы әйелдердің патриархалдық әлеуметтік ахуалдағы дәстүрлі рөлін нығайтты, себебі ол әйелдердің ана ретінде көрінісін, демек, кеңестік болжауларға сәйкес "Жақсы патриот" туралы түсінігін нығайтты. Баспасөз заңсыз аборттар жасаған әйелдерге қарсы насихат құралы ретінде, оларды Отанының қыңыр жаулары ретінде бейнелеу арқылы пайдаланды. Қазақ әйелдері абортқа сирек бел байланғаннан, олар сот қудалауына ұшыраған жоқ. Аборт белгілері бар ауруханаға жүгінген әйелдер тексерілді. Заңсыз аборт жасаумен айналысқан дәрігерлер үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін болды. Бұл жасырын қызмет туралы расталған деректер жоқ, бірақ баспасөзде жазылған жағдайларға қарағанда, мұрағаттағы деректер заңсыз аборт жасау кезінде табылған әйелдер әдетте некеде тұрмағанын көрсетеді.
1940 жылындағы бір жағдайда аборт жасауға тән симптомдары бар он бір әйел ұсталып, өз отбасыларынан ажыратылып, мемлекеттік бақылауға алынып, қоғамдық кемсітуге ұшырады. Кейінірек олардан барлық айыптаулар алынып тасталды.
Жергілікті жерлерде болмауынан абортпен күресуді насихаттаушылар адамға пропаганданы әртүрлі тәсілдермен жеткізуге тырысты. Кампанияның қоғамға деген әсерін өлшеу қиын, себебі олардың әсері бар екенін дәлелдейтін деректер аз.
Соғыстан кейінгі кезеңде насихаттау күші аборт санының азаюына әкелмегенін көрсетті. 1953 жылы Иосиф Сталинның өлімінен кейін мемлекет заңсыз аборт жасаушыларды қудалауын тоқтатты, және дәрігерлер сұрау бойынша жүктіліктің бірінші триместрінде аборт жасауды қолданды. 1968 жылы Кеңес Одағы сұраныс бойынша аборт жасауды кезекті рет заңдастырды.
Тәуелсіздік кезеңінде ЖылыЗаңды аборттардың деңгейі
(15–44 жас аралығындағы 1000 әйелге шаққанда)199553199943.9, әлде ресми деректерге сәйкес 57 мен 55 аралығында200435200832.3201027.4201224.5
1991 жылы КСРО-дан тәуелсіздік алғаннан бастап, Қазақстан аборт жасауды контрацепцияның басқа әдістерімен алмастыра бастады. Қазақстандағы тиісті заңнамаға елдің кеңестік кезеңде өткен уақыты әсер етті. Контрацепцияның басқа әдістерінің пайдасына аборт жасаудың төмендеуіне қарамастан, аборт жасау 1990 жылдарының контрацепцияның ең көп қолданылатын әдісі болып қала берді. Ел тәуелсіздік алғаннан бері аборт жасау жиі жеке секторда жасалды, бұл жағдай аборт жасаудың ресми деректер деңгейінің төмендеуіне әкелді.
1995-1999 жылдар аралығындағы деректерге негізделген зерттеу көрсеткендей, аборт жасау негізінен қалаларда, сол кездегі ел астанасы Алматы мен елдің солтүстік-шығыс аймақтарында жасалды. Аборт жасаған әйелдердің көпшілігі этникалық орыстар болды. Білім деңгейі жоғары аудандарда аборт жасау едәуір төмендегені байқалады. Үйленген әйелдер аборт жасайтын барлық әйелдерді құрайды, оның басты себебі:негізінен мұсылман елдеріндегі некеге дейінгі жыныстық қатынастың сирек кездесеуі. Аборт жасаудың басты себептері болып, ең алдымен, тууды шектеу, сондай-ақ босану арасындағы уақыттың арттыруы саналады. Елдегі алғашқы жүктілік сирек үзіледі.
Жүктілікті тоқтату ықтималдығы 36,8% құрады. Абортқа әкелетін контрацепциядан бас тарту нәтижесіндегі жүктілік пайызы 67%-ды құрады. Қазақстанның демографиялық және медициналық тексерісі барысында кездейсоқ 3771 әйелдер арасындағы сауалнама қорытындысына сәйкес "кездейсоқ жүктілік жағдайында аборт жасата ма?" деген сұраққа әйелдердің 35,6%-ы оң, 20,6%-ы сенімді емес, ал қалғандары теріс жауап берді.
1994 жылғы ақпанда аборт жасау мен ана өлімін азайту мақсатында медициналық мекемелерде отбасын жоспарлау қызметін құруды көздейтін отбасын жоспарлау бағдарламасы бекітілді.
1993-1997 жылдар аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымы басты мақсаты аборт жасау санын азайту болған елдегі репродуктивті денсаулық бағытына арналған бағдарламаларды қаржыландырды.
1995-1999 жылдар аралығында аборт жасау ресми түрде тегін болды, бірақ іс жүзінде адамдар бағасы 8-ден 20 долларға дейінгі төлемдерді төлеуге міндетті болды. Бұл төлемдер, әдетте, ауылдық жерлерде жүргізілген жоқ. 1995 жылы кең ауқымды кампания заңсыз аборт жасау қаупі туралы ескертті.
Заңдар 1996-2013 жылдар аралығында өзгеріссіз қалды.
1999 жылы вакуумдық аспирация әдісі Қазақстандағы барлық аборттардың жартысына жуығында қолданылды.
2000 жылы аборт жасау санын азайту жөніндегі жалпыұлттық үкіметтік бағдарлама бекітілді. Бағдарлама мақсаты медицина қызметкерлерін оқытып, халықты контрацепцияның басқа әдістері туралы хабардар ету болды.
2002 жылы жарияланған БҰҰ-ның баяндамасында сұраумен аборт жасау бірінші триместрде қандай-да бір ерекше ынтасыз жасалады деп түсіндірілді; 12-28 апта аралығында бұл қызмет белгілі бір әлеуметтік немесе медициналық жағдайлар болған кезде ғана ұсынылды.
2001 жылы денсаулық сақтау министрлігінің жүктілікті тоқтатудың медициналық негіздері мен ережелері туралы бұйрығы бекітілді. 2009 жылы министрлік № 626 бұйрықты бекітті, ол 2012 жылы келесі аспектілерге қатысты өзгертілді:
+2009 жылғы аборт жасау шарттары2012 жылғы аборт жасау шарттары12 аптаға дейін:
Талап бойынша
12-ден 22 аптаға дейін, әлеуметтік негіздер бойынша, оның ішінде:
Жүктілік кезінде күйеуінің қайтыс болуы; Әйелді немесе оның күйеуін бас бостандығынан айырылуы; Әйелдің немесе оның күйеуінің жұмыссыздығы; Әйел тұрмысқа шықпаған жағдайда; Ата-ана құқықтарынан айырылуы немесе шектетілугі; Егер жүктілік зорлау нәтижесінде пайда болса; Егер әйелдің босқын немесе мәжбүрлі мигрант мәртебесі болса; Егер отбасында мүгедек бала болса; Жүктілік кезінде ажырасу кезінде; Егер отбасында 4 және одан да көп бала болса; Ұрықтың ақаулары кезінде.
Жүктілік мерзімі шектеусіз:
Жүкті әйелдің өміріне қауіп төндіретін медициналық айғақтар болған кезде оның келісімі бойынша.
16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін ата-аналардың келісімі қажет.
Мемлекет әлеуметтік немесе медициналық себептерге байланысты аборт жасауды қаржыландырады.12 аптаға дейін:
Талап бойынша
12-ден 22 аптаға дейін, әлеуметтік негіздер бойынша, оның ішінде:
Жүктілік кезінде күйеуінің қайтыс болуы; Әйелді немесе оның күйеуін бас бостандығынан айырылуы; Әйелдің немесе оның күйеуінің жұмыссыздығы; Әйел тұрмысқа шықпаған жағдайда; Ата-ана құқықтарынан айырылуы немесе шектетілугі; Егер жүктілік зорлау нәтижесінде пайда болса; Егер әйелдің босқын немесе мәжбүрлі мигрант мәртебесі болса; Егер отбасында мүгедек бала болса; Жүктілік кезінде ажырасу кезінде; Егер отбасында 4 және одан да көп бала болса; Науқас 18 жасқа толмаған жағдайда.
Жүктілік мерзімі шектеусіз:
Жүкті әйелдің өміріне қауіп төндіретін медициналық айғақтар болған кезде, оның келісімі бойынша; Ұрықтың ақаулары кезінде.
18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін ата-аналардың келісімі қажет.
Мемлекет әлеуметтік немесе медициналық себептерге байланысты аборт жасауды қаржыландырады.