Тодо бичиг (қалм.:, тодо бичг; моңғ.: , тодо бичиг; бурят.: тодо бэшэг), кейде тодо – 1648 жылы ескі моңғол жазуының негізінде буддалық сопы Зая Пандитаның (1599-1662) құрастырған әліпбиі.Яхонтова Н.С. Монгольские языки Зая Пандитаның (шын есімі Намхай Чжамцо) бұл әліпбиді құрастырудағы мақсаты – ойрат жазба тілін ауызша тілге мейлінше жақындату еді. Оған қоса діни трактаттарда кең қолданыс тапқан санскриттік және буддалық терминдер ықшамдалып, көпшілікке түсінікті қалпына келтірілді.

Ерекшеліктері

Тодо бичиг вертикальды моңғол әліпбиінің жақын туысы. Бұл әліпби арамей жазуының негізінде құрастырылған ұйғыр жазуынан пайда болдыGnanadesikan, Amalia. The Writing Revolution. West Sussex: Wiley-Blackwell, 2009. Арамей жазуында әр дауысты дыбыс жеке символмен қамтамасыз етілмеген. Осы тізімнің ішінде тодо бичигте ғана әр дауысты дыбысты жеке таңбалармен қамтамасыз ету проблемасы шешілді. Жаңадан қосылған символдар мен диакритикалық таңбалар дауысты дыбыстардың ұзақтығын айқындады. Әр дауысты дыбыс үшін жеке символды бекіту мәтіндердегі екі мәнділікті жойды.Eds. Daniels, Peter T. and William Bright. The World's Writing Systems. New York: Oxford University Press, 1996 Ойрат (қалмақ) тілінде жоқ, бірақ шетел сөздерінде кездесетін “ши”, “си” дыбыстары үшін арнайы таңбалар енгізілді.

Қолданылуы

Ойраттар (қалмақтар мен жоңғарлар) және көрші халха-моңғолдар тодо бичигті XVII ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың екінші жартысына дейін қолданған.Kara, György. Books of the Mongolian Nomads. Bloomington: Indiana University, 2005. Оңай оқылуына байланысты тодо бичиг халха-моңғолдардың көркем әдебиетінде маңызды орынға ие болды.

Діни трактаттарды аудара отырып, Зая Пандита буддизмді Батыс Моңғолия жерінде таратуды көздеді. XVIII ғасырдың басында ойрат (қалмақ) жазба тілінің екі тармағы пайда болды: «кітаби» (ойрат тілдерінде жоқ, моңғол тілінен енген терминдерді діни практикада қолданған нұсқа); «ауызекі» (іскерлік қатынасхаттарда қолданған нұсқа).М. И. Исаев. Языковое строительство в СССР. — М.: «Наука», 1979. — С. 215-218. — 352 с. — 2650 экз.

Зая Пандитаның биографы әрі замандасы болған Ратнабадраның пікірінше, буддалық сопы мен оның шәкірттері тибет, моңғол тілдерінен, санскриттен 177 туындыны ойрат (қалмақ) тіліне аударған. Бүгінгі күнге дейін Зая Пандитаның 60-қа жуық аудармасы (философия, медицина және т.б. бағыттар) табылған.История калмыцкой литературы // Дооктябрьский период. — Элиста: Калмыцкое книжное издательство, 1981. — Т. 1. — С. 208

Тодо бичигті дін қызметкелері мен ақсүйектер ғана білгендіктен, 1913 жылғы деректерге сәйкес, қалмақ халқының сауаттылығы өте төмен деңгейде (2,3% шамасында) болды. Қалмақ тілінде тодо-бичиг 1924 жылға дейін қолданылды. КСРО халықтарының әліпбилерін кириллицаға көшіру барысында ауыстырылды. Қытай Халық Республикасында ойраттарға білім беруде ескі моңғол жазуы бекітілгенімен, тодо бичигті қолдану тоқтатылған жоқ.

Қазақ билеушілерінің ойрат жазуын қолдануы

XVIII ғасырда қазақ хандары тодо бичигті қытай және ресей императорларына жазған хаттарында пайдаланған.

Әріптер кестесі

+ Дауысты дыбыстар Тодо бичиг Кириллица Латын А A Ескі моңғол жазуындағыдай Э EИ I О O У U Ө ÖҮ Ü

+ Дауыссыз дыбыстар Тодо бичиг Кириллица Латын Б B П P М M Л L Ескі моңғол жазуындағыдайС S Ескі моңғол жазуындағыдайШ Sh Ескі моңғол жазуындағыдайН N Ескі моңғол жазуындағыдай Х X Һ Q Т T Д D Ц C Ч Ch З Z Ж j Й Y Р R Ескі моңғол жазуындағыдай В W

+ Шетел тілінен енген сөздерде қолданылатын әріптер Тодо бичиг Кириллица Латын Г G К K Қ Kh Җ J Ң Ng

Галерея

Дереккөздер

Санат:Қалмақ тілі Санат:Моңғол жазуы