Каменск-Уральское — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Соснов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде, қарағайлы-қайыңды орман арасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың халық саны 1190 адам (575 ер адам және 615 әйел адам), 2009 жылға сәйкес, ауылда 852 адам (404 ер адам, 448 әйел адамдар) тұрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы осы маңайдағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңде қаланды. 1996 жылға дейін өзімен аттас астық кеңшарының және ауылдық кеңестің орталық болып келді. 1997 жылдан кеңшар негізінде өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Каменск-Уральскоеде сауда орталығы, орта мектеп, клуб, балабақша, медициналық орталық бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том.
Дереккөздер
Санат:Меңдіқара ауданы елді мекендері