Атырау облысы республикада халық саны жөнінен ең аз облыс. Қазақстанның 14 әкімшілік облыстарының ішінде Солтүстік Қазақстан облысының ғана алдында.
Атырау облысының халқы 2020 жылғы 1-қаңтардағы ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша Атырау облысының аймағында 646,7 мың адам тұрады. https://stat.gov.kz/region/252311 Бұл Қазақстан Республикасы халқының 3,4%-ы.
Атырау өңірінде 20 ғасырдың басындағы Гурьев уезінде 5 казак-орыс станицасы, 17 қазақ болысы, теңізге жақын үш кент болды. Оның аумағы 58 243,1 км2, халқының саны 119 063 адамға жетті. Каспий теңізіне жақын болыстар мен кенттерде балық шаруашылығы жақсы дамыды. Бұл кезде орыстар қоныстанған теңіз жағалауында Жылыой, Ракуш, Прорва кенттері пайда болды. 1914 ж. Жылыой кентінде 1943 адамы бар 300 отбасы болды. Олардың негізгі кәсібі балық шаруашылығы, мұнан басқа 78 шағын сауда орны қызмет жасады. Өлкенің басқа аймағындағы болыстар мен ауылдарда, негізінен мал шаруашылығы етек алды. 1915 ж. облыс (ол кезде уез) барлығы 161 332 адам, оның ішінде: қазақтар — 124 450, казак-орыстар — 17 861, сырттан келгендер — 15 667, теңіз жағасындағы кент тұрғындары 3 355 болған.
Облыс халқы санының айтарлықтай өсуі Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі жылдарда орын алды. 1970-2000 жылдар аралағында облыс халқының саны 100 мыңға өсті.Е.Қаженбаев Атырау облысының географиясы ISBN 9965-741-14-х 49-бет.
1989-1999 жыл ішінде халық саны айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ деуге болады. Ол осы мерзімде 18%-ға өсті. Аталмыш кезеңде қала халқының саны 15,1%-ға өсіп, оның бүкіл халық санына шаққандағы үлес салмағы 27,9%-ға көбейді, ал ауыл халқының саны 21,8%-ға теңеліп, оның үлес салмағы 1,4%-ға кеміді. Халық санының жыл сайынғы орташа өсу қарқыны бұл жылдарда 1,3% болды, яғни ол шамамен жыл сайын 4—5 мың адамға көбейіп отырды. 1987-89 жылдары жыл сайын орта есеппен үш мыңға тарта адам сырттан қосылды. Бұл құбылыс аймақта отын-энергетика кешенінің күрт өркендеуіне, атап айтқанда, Теңіз мұнай кен орнының игерілуіне байланысты туды. Алайда, соңғы кезде облысқа келушілерге қарағанда, одан басқа жаққа кетушілердің саны көбейіп, бұл айырмашылық 1991 ж. 6,5 мың адамға жетті.
Облыс халқының өсуі соңғы жиырма жылда байқалады. 2009 жылы алдыңғы 1999 жылға қарағанда 66 мың адам қосылып 509 мыңға жетсе, 2019 жылы 10 жылда 137 мың адам қосылып 646 мыңға жетті. + Облыс халқының өзгеру сипаты 1940 1950 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2019+ 247,4 214,3 252,0 340,3 373,4 432,3 443,7 509,1 646,4
Баланың туу деңгейіне келетін болсақ Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Махамбет аудандарының ауылдық жерлерінде, Балықшы, Индербор, Құлсары, Мақат, Қаратон, Жұмыскер, Сарықамыс жұмысшылар кенттерінде баланың туу деңгейі едәуір жоғары. Соңғы 20 жыл ішінде облыста бала туу деңгейінің бір қалыпқа келген сыңайы болатын, дегенмен бірте-бірте өсіп-өну қарқыны айтарлықтай жеделдей түскені де байқалады. Бұған бірқатар әлеуметтік-экономикалық факторлар (әйелдердің қоғамда алатын орны, балалар мекемелерінің көбеюі, медицина мен денсаулық сақтау орындарының жай-күйінің бірсыдырғы жақсаруы, коммуналдық-тұрмыстык, сауда-саттық жүйесінің түзелуі, мәдениет пен білімнің көтерілуі) себепкер болып отыр. 1980 жылғы 55,60%-ға қарағанда 1998 ж. дүниеге келген әрбір 1000 сәбидің 25,6%-ы шетінеді дегенмен балалар өлімінің кемуге бет бұрғаны көкейге үміт ұялатады. Жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде соңғы он жыл ішінде халыктың табиғи өсімі 17,6%-дан 20,2%-ға дейін көтерілді. Бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыру нәтижесінде халықтың жастық-жыныстық құрылымының жақсара бастағаны байқалады. Әсіресе жастар мен орта жастағылар арасында әйелдер мен ерлер сан жағынан теңелді. Егер 1 жастан 44 жасқа дейінгілер арасында ерлер саны біршама басым болса, одан ұлғайғандар арасында әйелдердің саны басым болып келеді. Егер 1979 ж. әрбір мың әйелге 930 еркектен келсе, 1989 ж. бұл көрсеткіш 960-қа жетті. 1989 жылғы санақ бойынша 100 жасқа келген және 100-ден жасы асқан 69 адам тіркелсе, олардың дені — 65-і әйелдер болды. Облыста 82,6 мың отбасы (1989 ж.) бар, олардың 65%-ы қалада, 35%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Ұлттық ерекшеліктерге байланысты ата-анасы үйленген балаларымен бірге бір шаңырақтың астында түтін түтетіп отырған «күрделі» отбасылар жиі кездеседі. Мәселен, әрбір төртінші отбасында 7 және одан да артық адам бар. Осыған орай, отбасындағы адамдардың орташа саны 4,9 адамнан айналады. Қаладағы бір отбасына орта есеппен 4,5, ауылдық жерлерде 5,6 адамнан келеді. 2019 жылы облыстағы халықтың 312 491 (49,3%-ы) ерлер де, 321 300 (50,7%-ы) әйелдер болды. Численность населения Республики Казахстан по полу в разрезе областей, городов, районов и районных центров и поселков на начало 2019 года. Комитет по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.
+ Атырау облысы бойынша аудандардағы халықтың жынысына қарай саны Атырау облысы Атырау Қ.Ә. Жылыой ауданы Индер ауданы Исатай ауданы Құрманғазы ауданы Қызылқоға ауданы Мақат ауданы Махамбет ауданы Барлығы 633 791 338 839 82 962 32 145 26 728 57 340 30 589 30 377 34 811 Ерлер 312 491 163 68841 433 16 411 13 741 29 066 15 605 15 209 17 338 Әйелдер 321 300 175 151 41 529 15 734 12 987 28 274 14 984 15 168 17 473
Облыс бойынша әйелдердің саны көп болғанымен 7 ауданның 5 ауданында, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандарында ер адамдардың саны басым.
Жыл сайын облыста 4 мыңнан аса жұп некеге отырады, ажырасатын ерлі-зайыптылар саны 600-ден асады. Әрбір 1000 адамға шаққанда облыста 9,6 жұп некелеседі, бұл республикалық деңгеймен (9,8) шамалас, ал әрбір 1000 адамға шаққанда 1,5 жұп ажырасады, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен (2,9) екі есеге жуық төмен.
Халықтың орналасуы Облыстың халқы қалада, өндіріс орталықтарында және Жайық өзенінің екі жағалауында тығыз орналасқан. Облыста 1 км2-ге шаққанда жалпы халықтың тығыздығы 4,8 адамнан келсе, бұл көрсеткіш Атырау қаласының іргесіндегі Балықшы елді мекенінде 21,8 адамнан, облыстың батыс бөлігіндегі Құрманғазы ауданында 2,5 адамнан, Исатай, Махамбет, Мақат аудандарында тиісінше 0,95; 3,4; 5,4 адамнан келеді. Облыстың солтүстік жағындағы өнеркәсіпті Индер ауданында 3,55 адамнан болса, негізінен мал шаруашылығымен айналысатын солтүстік-шығыстағы Қызылқоға ауданында 1,3 адамнан келеді.
1999 жылғы санақ бойынша облыс орталығы Атырау қаласында 193,9 мың адам тұрады, жұмысшылар кенттерінде 123,0 мың адам (27,4%) мекендейді, оның халқы 3 мыңға дейінгі жұмысшылар кенттерінде 5,9 мың адам (4,8%), халқының саны 3 мыңнан 5 мыңға дейінгі үш жұмысшылар кентінде — 13,9 мың (11,2%), 5 мыңнан 10 мыңға дейін халқы бар үш жұмысшылар кентінде - 23,2 мың (18,9%) және халқының саны 10 мыңнан асатын төрт жұмысшылар кентінде 80,1 мың адам (65,1%) қоныстанған. Міне, мұның өзі халықтың басым көпшілігінің қала мен жұмысшылар кенттерінде шоғырланғанын айқындайды. Облыс әкімшілік- аумақтық жағынан 7 ауданға бөлінеді және облыстағы бүкіл халықтың 182,9 мыңы (41,2%-ы) ауылдық жерлерде тұрады.
1989 жылғы деректер бойынша, Атырау жерінде 199 ауылдық елді мекен болды. Бұрынғы шағын ауылдардың орнына жаңадан орташа және ірі-ірі елді мекендер бой түзеді. Ауылда тұратын халықтың дені Кұрманғазы ауданында (10,6%), Қызылқоғада (7,1%), Махамбетте (5,6%), Исатайда (3,3%) және Жылыой ауданында (2,1%) шоғырланған. Аталған аудандарда 151 мың адам немесе облыстағы бүкіл ауыл халқының 87%-ы тұрады. Ауылдағы тұрмыс-тіршіліктің өзіне тән ерекшеліктері бар. Әдетте ауылды жерлердегі отбасылар көп балалы болып келеді, сондықтан әйелдер көбіне қоғамдық еңбекке араласпайды. Жоғарыда айтылған 199 елді мекенде барлығы 173,3 мың адам тұрады, саралап көрсетсек, 200-ге дейін адам қоныстанған 53 елді мекенде барлығы 666 мың адам (3,88%), 200-ден 500-ге дейін адам мекендейтін 62 ауыл (тиісінше 20,6 мың; 11,9%), 501-ден 1000-ға дейін адам тұратын 27 ауыл (18,2 мың 10,5%), 1001-ден 2000-ғадейін адам қоныстанған 39 елді мекен (61,8 мың; 35,7%), 2001-ден 3000-ға дейін кісі тұратын 10 ауыл (24,5 мың; 14,1%) және әрқайсысында 3000-нан артық адам қоныстанған 8 елді мекен (38,4 мың; 22,2%) бар.
2019 жылғы деректерге сүйенсек Жылой ауданында-13,0%, Индер ауданында-5,0%, Исатай ауданында-4,2%, Құрманғазы ауданында-9,0%, Қызылқоға ауданында-4,8%, Мақат ауданында-4,7%, Махамбет ауданында-5,4 % халық тұрады.
Халықтың ұлттық құрамы
Тарихи деректерге қарағанда қазақ халқы ежелден орналасқан аумағы мен этникалық ерекшеліктеріне қарай үш Жүзге (Ұлы Жүз, Орта Жүз, Кіші Жүз) бөлінген. Солардың ішінде Атырау облысын Кіші Жүздің тайпалары мен рулары мекендеген. Әсірісе он екі ата Байұлының ұрпақтары басымырақ. Орыстар Еділ мен Жайық өзенінің арасындағы өлкеге XXI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында қоныстана бастады. Орыс мемлекеті қазақ даласының құнарлы, шаруашылыққа тиімді, суы мол жерін тартып алып, жергілікті халықты қолайсыз шөлейт аудандарға қарай ығыстырды. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші Жүздің ханы Әбілхайыр хан оны жақтаушы сұлтандар мен билер Ресейге бодан болуға уәделерін берген болатын. Осы кезден бастап, әсіресе, XIX ғасырдың бірінші жартысында орыс мұжықтарының (қарашекпенділерінің) облыс жеріне қоныс аударуы басталды.
Кеңес үкіметі құрылғаннан бері қарай, сталиндік ұлт саясатына байланысты, әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдары орыстар, корейлер, т. б. ұлттардың көптеген өкілдері көшіп келіп тұрақтанып, облыс халқының құрамына қосылды.
+2019 жылғы Атырау облысы халқының жекелеген этностары бойынша саны:Численность населения РК по отдельным этносам 2019г Барлық ұлттар қазақтар орыстар корейлер татарлар өзбектер украиндар немістер басқалары 633 791 586 802 33 411 3 170 2 306 1 577 756 480 2 283
Қазір облыста 50 ұлттың өкілдері тұрады. Облыстың негізгі халқы қазақтар (92,5%). Содан кейін көп тараған орыстар (5,2%), корейлер (0,5%), татарлар (0,3%), өзбектер (0,2%), украиндар (0,1%), немістер (0,07%) т.б.
+2019 жылғы Атырау облысы аудандары халқының жекелеген этностары бойынша саны Аудандар Барлық ұлттар қазақтар орыстар корейлер татарларөзбектерукраиндарнемістер басқаларыАтырау Қ.Ә. 338 839297 30729 6372 974 1 932 1 225 731 417 2 035Жылыой ауданы82 962 81 616 641 46 189 150 1 13 61 Индер ауданы32 145 31 010 920 2 82 50 1 13 28 Исатай ауданы 26 728 26 652 22 2 3 8 6 0 8 Құрманғазы ауданы 57 340 56 085 1 145 2828 5 44 23 Қызылқоға ауданы 30 589 30 553 10 0 2 90 1 4 Мақат ауданы30 377 29 658 433 4 27 81 2 4 82 Махамбет ауданы 34 841 33 881 603 114 43 49 28 2839
Ұлттардың облыс аумағында таралуы бір келкі емес. Олардың басым көпшілігі қалаларда, ірі жұмысшы кенттерінде, аудан орталықтарында, Жайық өзені бойындағы елді мекендерде тұрады. Ал аудандарда негізінен байырғы халықтар қазақтар тұрады. Қызылқоға ауданында-99,8%, Исатай ауданында-99,7%, Жылой ауданында-98,3%, Құрманғазы ауданында-97,8%, Мақат ауданында-97,6%, Махамбет ауданында-97,2 %, Индер ауданында-96,4%.
Атырау өлкесінде тұратын өзге этникалық топтардың қоныстануы
Патша үкіметінің көші-қон саясаты. Қоныс аударудың негізгі кезеңдері.
Атырау өлкесінің көп ұлтты құрамы өлкені үнемі әрі жүйелі түрде отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстану түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізді.
Өлкеге басқа этникалық топтардың алғаш келіп қоныстануы XVI ғасырдан бастау алды. Орыс-казактық отарлау Украинадан, Ресейдегі басыбайлылық қанаудан қашқан шаруалардың казак еркін жұртына қосылып, Жайық пен Ертіс өңіріне келуінен басталады. Бұл басыбайлылық құлдықтан қашқан «еркін адамдар» (казактар мен татарлар) жаңа жерлерді игеру мақсатында келіп, біртіндеп дербес қауым ретінде қалыптаса бастайды.