Атырау өңірін адамдардың қоныстануы өте ежелгі замандардан-ақ басталған. 1960 ж. шыққан Қазақстанның thumb|right|150px|Сарқамыстан табылған табақша thumb|right|150px|Жемнің жағасынан табылған моншақ археологиялық картасына көз жіберсек, Атырауға жақын жатқан ең ежелгі ескерткіш Жайық өзенінің сол жағасындағы Кондаур аулының қарсы беткейіндегі неолит мекені болып табылады. Кезінде Алтын Орда дәуіріндегі көне қонысқа қазба жұмыстарын жүргізген кезде Атырау қаласынан 7 км жердегі қазіргі «Орбита» телестансасы орналасқан ауданнан сол неолит дәуіріндегі найзаның кремнийлі ұшы табылған. Бұдан да ертерек, 60-жылдардың басында осы қоныстан қазып алынған археологиялык материалдың Алтын Орда дәуіріндегі Сарайшықтан табылған затпен тым ұқсастығы аңғарылған: бұлар -қазба кремний жоңқалары, қырғыштардың сұлбалары т.б. болатын. Оларды академик Ә. Марғұлан түгел неолит кезеңіне жатқызды. 1990 ж. қалаға ең таяу маңда жатқан қорған қалдықтарына қазбалық жұмыстар жүргізілгенде Шерімбай қорымынан 30 км жерден тағы да кремний пышақтары, қырғыштар мен біздер табылды. 1992 жылдың аяғындағы мәліметтер бойынша, облыс жерінен неолит дәуіріне жататын 24 мекен мен тұрақ табылып отыр. Неолиттік ірі мекендер санатында Сарықамыс пен Шаянды да бар.
Сол кездегі өлкенің табиғат жағдайлары аңшылықтың, балық аулау мен мал шаруашылығының дамуына ықпал етті және осы тұста шаруашылық түрлерінің бөлінуі басталды. Бір шаруашылық балық аулауға бейімделсе, екіншісі мал шаруашылығына маманданды, егін шаруашылығы пайда болды.
Қорғандардан неолит қазындыларымен бірге қола дәуіріндегі қыш бұйымдар да кездесіп калады. Бүгінгі күні осы дәуірдің 19 ескерткіші анықталды. Мұның ішінде, маңыздысы-қалаға ең жақын жатқан Шерімбай қорымы. Одан неолит дәуірінің еңбек құралдарымен бірге қола дәуірінің қыш бұйымдары табылды. Осы дәуірдегі алты қорған Атырау-Кулагин жолына таяу, Жайық өзенін бойлай созылып жатыр.
1989—92 ж. Батыс Қазақстан экспедициясы жүргізген жұмыстар нәтижесінде ертедегі темір дәуірінің көптеген ескерткіштері Жылыой ауданынан, сол сияқты Иманғара тауы маңынан, Аралтөбе қорымынан, Қаратон және Сарықамыс қоныстарынан табылып отыр.
1999 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Аралтөбе қорғанына Ә. Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жасады. Аралтөбе қорымынан негізінен үш зират қазылып, оның алғашқысынан адамдардың қаңқалары мен олар қолданған шыны моншақтар, жебе ұштарының сынықтары табылды. Екіншісінен жерленген мүрде жанынан жүзден астам жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, темір қылыш кездесті. Үшінші зираттан асыл қазына – Алтын киімді адам табылды. Мүрделермен бірге олардың аяқ жағында екі жылқы және қыран құс қаңқалары жерленген. Ер адам киімі әшекейлі алтын бұйымдармен безендірілген, жанындағы қару-жарақтары, қорамсақ жиектері, алтын мен апталып, әшекейленген. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша бұл алтын киімді адамның өмір сүру кезеңі осыдан 2 мың жыл бұрынғы сарматтар дәуіріне жатады.
Сарайшық қаласының маңызы және қирауы Сарайшық қаласының ірге тебу кезеңіне байланысты келер болсақ, итальян саяхатшылары Плано Карпини (1182-1252) мен Вильгельм Рубруквис (1120-1293) Шығыс Еуропа мен Орталық Азияны басып өтіп, Қарақорымға дейін сапар шеккенде осы Сарайшықтың үстінен өтеді. Итальян көпесі Франческо Пеголотти (1335-1340 ж.) Сарайшықтың Астраханнан, Сарайдан, керек десе Үргеніштен қанша қашықтықта орналасқандығын дәлдеп жазып, көрсетеді. Ал Вильгельм Рубруквис татар-монғолдардың Еділ бойындағьі 1246 жылы ірге көтерген алғашқы қаласы — Сарайдың өзін 1253 жылы салынып біткен қала ретінде көргендігін еске салады.
Әбілғазы жазбаларындағы «Бір кезде Берке хан (1255-1266) ағасы қалаған Сарайшық қаласына барды» дегенді негізге ала отырып «Сарайшықты Бату салдырғанын, бәлкім, Сарай қаласымен бір мезгілде XIII ғасырдың 50-жылдарының басында еңсе көтергенін байқауға болады» дегенді айтады. Ақиқат журналы. А., №2. 1997.
Осы арада мына бір дерекке де назар аудару керек сияқты. Кейінгі жылдардағы Хорезм археологиялық экспедициясының зерттеулеріне ден қойсақ, Сарайшыққа қоныстану монғолдар келгенге шейін, үш ғасыр бұрынақ басталып кеткен. Сол кездің өзінде оның үстінен Батыс пен Шығысты, кейіннен Алтын Орда — Үлкен сарай мен Хорезм, Отырар арасындағы экономикалық және мәдени байланысты өсірген іргелі сауда жолы өткен. Академик В.В. Бартольд «Сарайшықтан шыққан керуен елу күнде Отырар қаласына жетіп, одан әрі Монғолия арқылы Қытайға асатын» дейді. Бартольд В.В. «История культурной жизни Туркестана», Л. 1927., 32 с. Сондай-ақ Сарайшықтан Самарға, Қазан қалаларына апаратын да сауда жолдары болған. Бұл жолдардан дүние жүзінің екі бірдей ірі құрлығында орналасқан айтулы мемлекеттерді байланыстыратын керуен жолы бойында орналасқан Сарайшықтың орасан зор саяси, экономикалық сауда орталығы болғандығы және оның Алтын Орда хандығы тұсында тіптен дәуірлегенін айқын аңғарар едік.
Сарайшықтан 4,5 х 3,5 метр көлемдегі ұзындыгы 4,4 м., биіктігі 1,65 м. тұратын ыссы от (ауа) айдау жүйлері бар камера табылған. Қала қыштан күйдірілген тас тұрбалар арқылы ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілген. Кейбіреулері жеке құдықтар да пайдаланған. Олар кейін құлап, бітеліп қалған. Бірақ солардың өзі бүгінгі ұрпаққа біраз сыр ақтарып, тарих тағылымдарын ашуда.
Сөйтіп жылдар бойы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары мен қазіргі қолда бар жәдігерлер Сарайшықтың дамуы мен өркендеуін шартты түрде XIV ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысына сәйкес келеді деп болжам жасауға негіз қалайды. Қала үлкен саяси, сауда, мәдени орталық болған. Соған сай оның тұрғындары да сауда, егіншілік, бау-бақша, мал өсіру, балық аулаумен, сондай-ақ қол өнерімен айналысқан. Атап айтқанда шеберханаларда үй түрмысына қажетті бұйымдар жасалынған. Олардың ішінде қыштан күйдірілген құмыра ыдыстар, балауыз шырағдандар, асханалық керамикалар — құман, кесе, су жүретін қыш құбырлар, сұйық және құрғақ тағамдар мен заттар сақтайтын (бидай, тары, тұз, су, тағы басқа) әр көлемдегі құмыра, ыдыстар, қолдан жасалынған тұрмыстық, әсемдік, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқ, айна, сақина, моншақ, білезіктер бар. Шыны ыдыстар, темір пышақтар да кездеседі. Бұлардың қай қайсысының үлгісі де олардың татар-монғол тұрпатында емес, ежелгі шығыс, парсы стилінде жасалғандығын аңғартады. Өтепберген Әлімгереев, Сарайшық "Өлке"Алматы 2000.
Тарихшы-ғалым Г. Федоров-Давыдовтың жазбаларында Бердібек хан тұсында Сарайшық ұлысына Айбектің әмірлік еткендігі және сол кезде Сарайшықта ақша соғылғандығы, ал Тоқтамыс хан тұсында ақшалардың бір үлгіде Жаңа Сарай, Орда, Азақ, Қырым, Астрахань, Сарайшық қалаларында жаппай шығарыла бастағандығы айтылады. Федоров-Давыдов Г.А., «Общественный строй Золотой Орды» МГУ., 1967 135-136 Сайып келгенде мұндай ақшалар Сарайшықта жүргізіліп жатқан соңғы археологиялық қазбалардан көптеп табылуда.
1236 ж. Бату хан бастаған монғол шапқыншылары бүкіл Атырау өңірін өз қолдарына қаратып, Еуропаға жол ашады. Сөйтіп Еділ бойын алғаннан кейін, Алтын Орданы кұрады. Еділмен қоса Жайық бойы, Атырау өңірі осы Алтын Орданың қол астына кіреді.
1396 ж. Сарайшықты Ақсақ Темір тонаушылыққа ұшыратып, талқандайды. Ибн Арабшах Темірдің Алтын Орданы талқандағанын сипаттай келіп, «...тонап алғандарының бәрін жинап, олжаға батты, қаланы әбден тонауға және халықты тұтқындауға рұқсат берді..., ол Сарай, Сарайшық, Қажытарқан және басқа да осы өлке қалаларын түгел қиратты» деп жазады.
1558 ж. Жайықтың бойымен жоғары бір күндік жолда Сарайшық деп аталатын қала жатқандығын, қала бүгінгі күні орыс патшасымен дос болып отырған Ысмайыл Ноғай кінәзінің билігінде екендігін жазады. Бұдан әрі Сарайшықта не болғанын А. Левшин: «16 ғ-дың аяқ шенінде казак қарақшылары шырқ үйіріле отырып, Жайық өзенінің сағасына дейін жетті. Олар қайықтарға мініп, Жайықты бойлай жоғары көтерілді де, Сарайшыққа тұтқиылдан тап беріп, оны жауыздықпен жағып жіберді және тек тірі адамдарды ғана айуандықпен қинап қойған жоқ, сол сияқты өлілердің де молаларын қазып, оларды тонады. Бұл 1580 ж. болған еді» деп жазады. Одан әрі А. Левшин: «Осы жылдың жазында (1580) патша ағзамның казактары Сарайшыққа келіп, ұрыс салғанын және қаланы өртеп, жерден өліктерді де суырып, табыттарды тонағанын Ұрұс хан да айтқан болатын» деп еске алады. Бұл туралы тарихшы Г. Карамзин де жазып қалдырған. Казак-орыстардың сол тағылық қимылдарынан кейін және Ресейдің отаршылдық саясатының қазақ даласына қарай күшеюінен тарихи Сарайшық енді қайтып бой түзей алмады, ақыры қирады.
XVIII ғасырдағы Атырау аймағы 1753 ж. үкіметтік Сенаттың әмірімен Атырау алқабы Астраханнан алынып, Орынбор губерниясына берілді. Әбілқайыр ханнан кейін Кіші жүз екі хандыққа бөлінді. Нұралы ханға қараған қауым Жайық-Жем бойына қоныс тепті. Сөйтіп, олар суы мен оты мол, қонысқа қолайлы Жайық өзені бойындағы жайлы жерлерді иеленуге ұмтылды. Малды тебіндетіп жаюға үйренген қазаққа қары қалың түсетін жазықтық шаруашылыққа онша қолайлы болмады. Ал жаз айларында бұл жердегі шөптерді мал таптап, қысқа жартымды ешнәрсе қалмады. Атырау қазақтарының ежелгі кәсібі мал шаруашылығы осылай дағдарысқа ұшырай бастады. Одан құтылудың жолы қыстық қонысқа қолайлы, шөбі мен қамысы мол Жайық пен Еділ өзендері арасындағы кең алқап еді. Бірақ бұл қалмақтардың қонысы болатын. Қалмақтар қазақтардың бұл жерлерге қоныс аударуына, қыстауына қарсы болады. Мұндай наразылық Жайық казак-орыстарынан да байқалады. Олар қазақтар маялы шөбімізге, балық аулау кәсібімізге, басқа да шаруашылықтарға зиянын тигізеді деген сылтаумен наразылық білдірді. Шет аймақты отарлау мақсатында тірек болған және шекараны қорғап түрған Жайық казак-орыстарының мүддесін қорғаған патша үкіметі олардың талап-тілектерін орындап отырды.
Пугачев көтерілісі Каспий өңірі халықтарынан үлкен қолдау тапты. Көтеріліс нағыз қызған кезде 1773 ж. карашада Е. Пугачев жергілікті қазақтармен танысып, әскер жасақтау үшін М. Толкачев бастаған отрядты Атырау жаққа жібереді. М. Толкачев және онымен бірге Ә. Танғаев пен А. Дәуітов бар 300 жасақ Жайықтың бойындағы бекіністерді өздеріне қаратып, қолға бірталай оқ-дәрі, қару-жарақ түсіреді. Сөйтіп Калмыков, Кулагин, Тополи пугачевтіктер колына көшеді. Олардың Атырау өңіріне келуі қазақтар мен гарнизон солдаттары арасында толқу туғызды. Қараша айында бір топ қазақ Жаманқала (қазіргі Махамбет а.), Зеленый форпостарына шабуыл жасап қоршауға алады. Атырау қазақтарының қимыл-әрекеті шынында да батыл болды. Мұның өзі форпостар мен шағын қамалдардағы гарнизондарды ірі бекіністерге әкетуге мәжбүр етті. Бірақ бұл жағдайды жақсартпады. Желтоқсанның бас кезінде Сарайшық әскери қамалына шабуыл жасалды. Гурьевтен жіберілген әскер олардың шабуылына бөгет бола алмай тізе бүкті. Қазақтарға қосылып, Гурьев гарнизоны солдаттары да толқи бастайды. Е. Пугачев Гурьев қаласындағы көтерілісті естіп, оған көмек ретінде құрамында 200 адам, бірнеше зеңбірегі бар атаман А. Овчинников бастаған әскер жібереді. А.Овчинников әскері 25 каңтарда жазалаушы отрядтан бұрын Гурьевке келіп кіреді. Олардың кедергісіз тез келуіне Досалы сұлтан көп көмегін тигізді. Мәселен, Нұралы сұлтан 1774 ж. императрица II Екатеринаға Овчинников отрядына кедергі жасағысы келгенін, бірак Досалы сұлтанның алдауына түсіп қалғаны жөнінде ақталып хат жазған. Атырау маңын бақылап тұрған қазақтар гурьевтік көтерілісшілер жағында болды. Гурьевтіктер көтеріліс жасап жатқан кезде Астрахан губернаторы Нұралы ханға тілмаш А.Алтышевті жіберіп, қазақтардың «көңіл күйін» білуді тапсырды. Сол жылы қаңтар айында берген есебінде Алтышев қазақтардың Гурьев маңындағы аудандарды толықгай ұстап тұрғандығын және олардың көтерілісшілер жағында екенін, өзінің бұл жерлерге әзер келгендігін айтады. Алтышевтың айтқанын Орынбор губернаторы растап, «Досалы сұлтан қолы бүкіл Гурьев қалашығы маңын қоршап алғанын» хабарлайды.
А. Овчинников Гурьевке баса көктеп кіріп, қарсыласушыларды тоз-тоз етіп жібереді. Гурьевтің құлауы туралы хабарды естісімен Астрахан губернаторы Кречетников Атырау бойын азат ету жұмысын өз қолына алып, үкімет әскері 1774 ж. 2 маусымда баса көктеп кіріп, қаланы өздеріне қаратты. Көтеріліс жеңіліске ұшырады.
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс