Асхат Қанатұлы Аймағамбетов (14 маусым 1982, Ақсу-Аюлы, Шет ауданы, Қарағанды облысы) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты және Құрылтайдағы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.

Бұрын Аймағамбетов 2023–2026 жылдары Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты, 2019–2023 жылдары Қазақстанның Білім және ғылым министрі, Оқу-ағарту министрі болған.

Өмірбаяны Аймағамбетов 1982 жылғы 14 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.

Қызметі 2003 жылы ол «тарихшы, тарих пәні мұғалімі» мамандығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (ҚарМУ) бітірді.

2006 жылы «Болашақ» Қарағанды актуальды білім беру институтын заңгер мамандығы бойынша бітірді.

2002-2004 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қызметкері.

2003-2012 жж — Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ және IV шақырылымдарының депутаты, қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

2004-2005 жж — «Жас Ансар лигасы» ҚБ төрағасы.

2005-2006 жж — «Медиа СП» ЖШС директоры.

2006-2012 жж — ҚарМУ, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент.

2012-2014 жж — әлеуметтік мәселелер бойынша Нұра ауданының әкімнің орынбасары.

2014 жылғы ақпан — 2017 жылғы тамыз — Қарағанды облысының білім басқармасының бастығы.

2017 жылғы тамыз — 2019 жылғы 17 қаңтар — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі.

17 қаңтар - 13 маусым 2019 жыл — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

Білім және ғылым министрі 2019 жылдың 13 маусым күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрі болып тағайындалды. Асхат Аймағамбетов тәуелсіз Қазақстан тарихында 16-шы білім министрі, кей тұлғалардың бұл қызметке бірнеше рет тағайындалғанын ескерсе 11-ші министр. Министр қызметі әдетте 2,6 жыл атқарады.

Оқу-ағарту министрі 2022 жылдың 11 маусымынан бастап — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.

2023 жылғы 4 қаңтар күні Президент Жарлығымен қызметінен босатылды.

2023–2026 жылдары Мәжіліс депутаты және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болды.Мәжілістің комитет төрағалары сайланды

2026 жылы тамызда Құрылтай депутаты болып сайланып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды.Құрылтайда қандай комитеттер құрылды және оларды кім басқарды

Дереккөздер

Санат:Қазақстан білім және ғылым министрлері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан білім министрлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары