Қарашасор – Тоғызақ алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Фёдоров ауданы Первомайское ауылынан батысқа қарай 7 км жерде, теңіз деңгейінен 206 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Сопақша келген көлдің аумағы 4,7 км2, ұзындығы 2,9 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 9,7 км.
Жағалау сипаты Қамыс, құрақ өскен көл жағалауы батпақты. Оңтүстігінде Үлкен-барақ батпағы жатыр. Көктем айларында көл аумағы ұлғайып, төңірегіндегі батпақты өңірмен бірігіп кетеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Фёдоров ауданы көлдері