Марсель Шмельцер (; 22 қаңтар 1988 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/35208, Магдебург, ГДР) — германиялық футболшы, "Боруссия Дортмунд" клубының қорғаушысы.

"Магдебург" клубының түлегі. 17 жасында "Боруссия Дортмунд" клубына ауысты. 2008 жылы клубпен тұңғыш келісім шартын жасасты. Сол жылы 16 тамызда тұңғыш рет Бундеслигада алаңға шықты.

2009 жылы Ұлттық құрамаға шақыртылды. 2010 жылы 17 қаңтарда Швецияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты.

2012 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2014 жылғы әлем чемпионатына баратын кеңейтілген құрамға енгізілгенімен, кейін құрама жаттықтырушысы Йоахим Лев нақты құрамға қоспады да, чемпионатқа бара алмады.

2017 жылы "Боруссиямен" келісім шартын 2021 жылға дейін ұзартты.

Жетістіктері

«Боруссия» (Дортмунд)

Германия чемпионы (2): 2011, 2012 Германия кубогы: 2012 Германия суперкубогы (2): 2013, 2014

Германия

Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2009 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2012

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Магдебургта туғандар Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары