Иван Рамиро Кордоба Сепульведа (; 11 тамыз 1976https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5772, Медельин, Колумбия) — колумбиялық футболшы, 2001 жылғы Америка кубогының жеңімпазы.
Карьерасы 1994 жылы Колумбияның "Депортиво Рионегро" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 1996 жылы "Атлетико Насьонал" клубына ауысты.
1998, 1999 жылғы маусымдары Аргентинаның "Сан Лоренсо" клубында өткізді.
2000 жылы қаңтар айында Италияның "Интернационале" клубына ауысып, 10 жыл бойы клубтың жетекші ойыншыларының бірі болды. Тек 2009 жылдан бастап алаңға сирек шығатын болды. 2011/12 жылғы маусымда дерлік қосалқы құрамдағы орнынан қозғалған жоқ. 2012 жылы жазда карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама сапында 70-тен аса кездесу өткізді. 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысты. 2001 жылғы Америка кубогының финалында Мексиканың қақпасына матч тағдырын шешкен жалғыз голды соқты.
Сондай-ақ 1997, 1999, 2007 жылдары Америка кубогына қатысты.
Жетістіктері
«Интернационале»
Италия чемпионы (5): 2005/06, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10 Италия кубогы (4): 2004/05, 2005/06, 2009/10, 2010/11 Италия суперкубогы (2): 2005, 2006, 2010 Чемпиондар лигасы (1): 2009/10 Клубтар әлем чемпионаты (1): 2010
Колумбия
Оңтүстік Америка чемпионы: 2001
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Колумбия футболшылары Санат:Колумбия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Насьонал ФК ойыншылары Санат:Сан-Лоренсо де Альмарго ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары