Клаус Аугенталер (; 26 қыркүйек 1957https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/85968, Фюрстенцелль, ГФР) — германиялық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы, 1990 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы Бүкіл карьерасында тек "Баварияда" ойнады. 1991 жылы футболмен қоштасқан соң бапкерлікке кірісіп, "Баварияның" 21 жасқа дейінгі командасын жаттықтырды.

1996 жылға дейін "Бавария" бапкерлер штабында түрлі жұмыс атқарып, Аустрияға кетті де, ГАК клубын жаттықтырды.

2000 жылы Германияға оралды да, "Нюрнберг" клубының бас бапкері боп тағайындалды.

2003 жылы "Байерден" кеткен Клаус Топмеллердің орнына бас жаттықтырушы боп барды да, екі жыл бойы леверкузендік клубтың тізгінін ұстады.

Жетістіктері

Әлем чемпионы: 1990 Әлем чемпионатының финалисі: 1986 Германия чемпионы: 1979/80, 1980/81, 1984/85, 1985/86, 1986/87, 1988/89, 1989/90 Германия кубогы: 1982, 1984, 1986 Чемпиондар Лигасы: 1976 Құрлықаралық кубок: 1976

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Байер 04 ФК жаттықтырушылары Санат:Вольфсбург ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары