«Стандард» () — Бельгияның Льеж қаласындағы футбол клубы, 1898 жылы құрылған. Бельгияның ең байырғы және ең жүлделі клубтарының бірі, 10 рет ел чемпионатында топ жарған.
Тарихы Клуб 1898 жылы студенттердің ұйымдасуымен құрылды. Ол кезде Льеж қаласында бір ғана клуб — Льеж ФК бар болатын. "Станндард" атауы сол кездегі Париждің "Стандард де Париж" деген атауына еліктеп қойылған екен.
1909 жылға дейін "Стандард" Бельгияның екінші лигасында ойнады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде клуб жиырма шақты футболшысынан айрылды да, екіінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралықта айтарлықтай табысқа жете алмады, үш рет күміс жүлдені қанағат тұтты.
Клуб 60-жылдары күшейе бастады. 1958 жылы тұңғыш рет Бельгия чемпионы атанды, 1961, 1963 жылдары осы жетістігін тағы қайталады. Жетпісінші жылдардың басында аздап құлдыраған клуб 80-жылдары қайта күшейді, 1982 жылы Кубок иелері кубогының финалына шығып, "Барселонадан" 1:2 есебімен ұтылып қалды.
1984 жылы "Стандардтың" қатысуымен өткен келісілген матчтар әшкереленді де, клубқа санкция жарияланып, клуб ондаған жылдар бойы оңала алмады. 2007/08 жылғы маусымда араға 25 жыл салып Бельгия чемпионы атанды.
Жетістіктері
Ұлттық
Чемпионат Чемпион (10): 1957/58, 1960/61, 1962/63, 1968/69, 1969/70, 1970/71, 1981/82, 1982/83, 2007/08, 2008/09 2-орын (13): 1925/26, 1927/28, 1935/36, 1961/62, 1964/65, 1972/73, 1979/80, 1992/93, 1994/95, 2005/06, 2010/11, 2013/14, 2017/18 3-орын (19): 1926/27, 1933/34, 1948/49, 1954/55, 1958/59, 1963/64, 1965/66, 1967/68, 1971/72, 1976/77, 1977/78, 1978/79, 1980/81, 1985/86, 1991/92, 2000/01, 2003/04, 2006/07, 2018/19 Кубок Жеңімпаз (8): 1953/54, 1965/66, 1966/67, 1980/81, 1992/93, 2010/11, 2015/16, 2017/18 Финалист (10): 1964/65, 1971/72, 1972/73, 1983/84, 1987/88, 1988/89, 1998/99, 1999/00, 2006/07, 2020/21 Суперкубок Жеңімпаз (4): 1981, 1983, 2008, 2009 Финалист (5): 1982, 1993, 2011, 2016, 2018
Халықаралық
УЕФА Кубок иелері кубогы Финалист (1): 1981/82
Құрамы тамыз, 2019
УЕФА Кубок иелері кубогының финалы 1982
Сілтемелер Ресми сайт Тарихы
Санат:Бельгия футбол клубтары