Футболдан Қазақстан премьер лигасының 29-шы маусымы. "Астана" клубы чемпион ретінде сынға түсті. Чемпионат наурыз-қараша айларында өткізілді.

Шолу Әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясының кесірінен наурыз айында басталған чемпионат карантин мен төтенше жағдайларға байланысты шілде айына дейін тоқтап қалды. Шілдеде азырақ ойналды да, қайта үзіліс басталып, тамыздың екінші жалғасында қайта жалғасты. Қайта жалғасқан чемпионат ойындары тек Алматы мен Талғарда ғана өткізілді.

Турнир аяқталуға төрт тур қалғанда "Қайрат" үшінші рет чемпион атанды. Ал соңғы орында қалған "Оқжетпес" бірінші лигаға түсіп кетті. Соңғы жылдары алты рет қатарынан чемпион атанған "Астана" мәреге үшінші боп жетті. Осылайша келесі маусымда "Қайрат" чемпиондар лигасына, "Тобыл", "Астана", "Шахтер" клубтары Еуропа лигасына қатысады. Айта кетейін, 2020 жылы Қазақстан кубогы ойнатылған жоқ.

Қатысушылар

Астана Ертіс"Ертіс" турнир барысында жарыстан шығып қалды. Жетісу Каспий Қайрат Қайсар Қызылжар Оқжетпес Ордабасы Тараз Тобыл Шахтер

Чемпионат статистикасы

Турнир кестесі № Команда ОЖТҰСДЖД+/-Ұп1Қайрат2014334819 +29452Тобыл2012262616 +10383Астана2011363221 +11364Шахтер 209562922 +7325Ордабасы209472726 +1316Жетісу2091102728 -1287Қайсар206682023 -3248Тараз205871923 -4239Қызылжар206591524 -92310Каспий 2052131534 -191711Оқжетпес2025131638 -2211

Мергендер ФутболшыГолОйын   Жоао Пауло (Ордабасы)1220   Абат Айымбетов (Қайрат)1020   Вагнер Лав (Қайрат)713   Элгуджа Лобжанидзе (Қайсар)712   Айбар Жаксылықов (Жетісу)616   Рунар Мар Сигурьонссон (Астана)615   Пьерос Сотериу (Астана)615   Айдос Тәттібаев (Шахтер)520   Артём Дмитриев (Оқжетпес)517   Азат Нұрғалиев (Тобыл)518

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:2020 жылғы футбол Санат:Футболдан Қазақстан чемпионаты