Жетікөл – Есіл алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкое ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2,5 км-дей жерде.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 234 м биіктікте жатыр. Аумағы 10,6 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 3,6 км, жағалауының ұзындығы 12,2 км. Көл қазаншұңқырының пішіні сопақша келген, түбі тегіс, тұнбалы. Еріген қар және жер асты суларымен толысады.

Жағалау сипаты Жағалаулары жайпақ, қамыс, құрақ кездеседі. Су жиналатын аумағының 25%-ы жыртылған. Қалған бөлігінде бетеге, селеу өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы