«Гомель» () — Беларустің Гомель қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Гомель" орталық стадионында өткізеді, сыйымдылығы 14 000 адам.
Тарихы 1959 жылы "Локомотив" деген атаумен құрылған. Кейін атауы бірнеше рет өзгертілді. Қазіргі күнде Беларусь жоғары лигасында өнер көрсетеді.
2003 жылғы Беларусь чемпионы, 2001/02, 2010/11 жылдары Беларусь кубогын, 2012 жылы Беларусь суперкубогын ұтып алды.
1995-97, 2010, 2016 жылдары бес маусым ғана бірінші лигада ойнады, қалған уақыттарда жоғары лигада ойнап келеді.
Жетістіктері Беларусь чемпионаты
Чемпион (1): 2003 Вице-чемпион (1): 2007 3-орын (2): 1999, 2011
Беларусь кубогы
Жеңімпаз (2): 2001/02, 2010/11 Финалист (1): 2003/04
Беларусь суперкубогы
Жеңімпаз (1): 2012
Бірінші лига
Жеңімпаз (3): 1997, 2010, 2016
Атаулары
«Локомотив» (1959—1963) «Спартак» (1964—1968) «Гомсельмаш» (1969—1975) «Машиностроитель» (1976—1977) «Гомсельмаш» (1978—1995) «Гомель» (1995 —)
Сілтемелер
http://www.fcgomel.by/
Санат:Беларусь футбол клубтары