Ипсуич Таун () — Англияның Ипсуич қаласындағы футбол клубы, 1878 жылы құрылған, бірақ кәсіпқой статусын 1936 жылы ғана алған. Өз алаңындағы ойындарын "Портмен Роуд" стадионында өткізеді.

Тарихы 1961/62 жылғы маусымда тұңғыш әрі соңғы рет Англия чемпионы атанды.

Клубтың дәуірлеген кезеңі өткен ғасырдағы 70-80 жылдардың тоғысы: Англия чемпионатында екі рет күміс жүлдегер атанды (1980/81, 1981/82), ал 1978 жылы Англия кубогын жеңіп алды. Ал 1981 жылы УЕФА кубогының жеңімпазы атанды.

ХХІ ғсырдың басында (2001 жылы) Чемпионшипке түсіп кетті де, қайтадан элитаға оралған жоқ. Қазіргі күнде 2-лигада ойнайды.

Жетістіктері

Ұлттық

Англия чемпионы: 1961/62 Англия вице-чемпионы: 1980/81, 1981/82 Англия кубогы: 1978

Халықаралық

УЕФА кубогының жеңімпазы: 1981

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:Англия футбол клубтары Санат:Ипсвич Таун ФК