«Нефтчи» Қошқар Ата футбол клубы — Қырғызстанның Қошқар Ата қаласындағы футбол клубы. Клуб 1952 жылы құрылған.
Тарихы Клуб 2010 жылдары күшейді. Клубтың тізгінін ресейлік маман Александр Крестинин ұстады да, клубқа бірнеше украиналық, ресейлік легионерлерді тартты. Мұнысы нәтиже берді де, "Нефтчи" 2010 жылы Қырғызстан чемпионатында топ жарды. Шаубылшысы Талаай Жұматаев 15 голмен чемпионаттың үздік мергені атанды.
Осы маусымдағы суперкубокта "Дордойды" 2:1 есебімен ұтты.
2011 маусымда Қырғызстан кубогының финалына дейін жетті, чемпионатта күміс жүлдені иеленді.
Қаржы тапшылығынан 2012 жылғы маусымды бірінші лигада өткізді.
2013 жылы қайтып оралды. Кейін тағы түсіп кетті де, 2017 жылы қайта жоғары лигаға шықты. Бірақ қазіргі таңда клуб чемпионат фавориті емес.
Жетістіктері
Қырғызстан чемпионы (1): 2010. Қырғызстан чемпионатының күміс жүлдегері: (1) 2011 Қырғызстан суперкубогы: 2010 Қырғызстан кубогының финалисі: 2010, 2011
Сілтемелер «Нефтчи» (footballfacts.ru) «Нефтчи»
Санат:Қырғызстан футбол клубтары