2000/01 ← → 2003/04 Қазақстан футбол одағы 2002 жылы 25 сәуір күні АФК құрамынан шығып, УЕФА-ға қосылды да, Қазақстан клубтары Еурокубоктерге (УЕФА Чемпиондар Лигасы, УЕФА Кубогы, Интертото кубогы) қатысуға мүмкіндік алды.

Шолу 2002/03 жылғы еурокубоктерге Қазақстаннан үш клуб қатысты. 2001 жылғы Қазақстан чемпионы Астананың "Жеңіс" клубы Чемпиондар лигасына, "Қайрат" және "Атырау" клубтары УЕФА кубогында бақ сынады. Бірақ үшеуі де алғашқы кезеңнен өте алмады.

"Жеңіс" клубының екінші кезеңге өтуге мүмкіндігі керемет болды. Сырт алаңда Молдованың "Шериф" клубынан 1:2 есебімен ұтылып келді. Өз алаңындағы кездесудің 52-минутында 3:0 есебімен алда тұрды. Бірақ 58 және 59 минуттарда қатарынан екі доп жіберіп алды да, мүмкіндіктен айрылып қалды.

Қазақстан клубтарының еурокубоктердегі тұңғыш голын Евгений Ловчев соқты.

УЕФА Чемпиондар Лигасы Толық мақаласы: УЕФА Чемпиондар Лигасы 2002/03

УЕФА Кубогы

Сілтемелер https://web.archive.org/web/20180727071503/https://ru.uefa.com/uefachampionsleague/history/season=2002/?iv=true

Санат:Қазақстан футбол клубтары еурокубоктарда Санат:2003 жылғы футбол Санат:УЕФА кубогы 2002/03 Санат:УЕФА Чемпиондар Лигасы 2002/03