Қараоба – Шұнақ тауларының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданындағы Мойынты темір жол бекетінің оңтүстік-батысында 18 км-дей жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 674 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта шамамен 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км-ге жуық. Беткейлері көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Тақырбұлақ, Қараүңгір бұлақтары мен Арқарлы тауы, оңтүстігінде Кеңаңғар қонысы, оңтүстік-батысында Бұлаққұдық құдығы мен Айыртау таулары орналасқан.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, қау, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары