«Шырақшы» — толық метражды көркем фильм. 2018 ж. Қазақфильм және Tursunov Film киностудиялары шығарған.
Сюжеті Фильм сюжеті соғыстан қайтқан сарбаздың кейінгі өмір жолын баяндайды. Қан майданда немістің шалын құтқарып қалғаны үшін ескі фильмдер таспаланған кинопроекторды сыйға алған сәтте майдангердің өмірлік мұраты жаңа арнаға бұрылған еді. Ол өмірінің соңына дейін кинопроекторды көзінің қарашығындай сақтап, келешекке жеткізуді мұрат етеді.
Көркем туынды «замана көші озғанмен, өнер ғана мәңгілік» деген ойды белгілі бір арнаға тоғыстыра отырып, тартысты оқиғамен өрбітеді.
Рөлдерде
Дереккөздер Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:Қазақстан драма фильмдері