Сергей Рустамович Тагиев (18 қыркүйек 1967 жыл, Жамбыл, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы
Ойыншы карьерасы Карьерасында КСРО және Қазақстан, Ресей клубтарында өнер көрсетті. Кеңес дәуірінде тек "Химик" клубында доп тепті де, 1993 жылы Грозныйдың "Эрзу" клубында бір жыл доп тепті.
1994 жылы "Таразға" қайта оралып, 2002 жылы карьерасын аяқтағанша бірнеше рет клуб ауыстырды, "Қайсар", "Мұнайшы" клубтарында ойнады.
Бапкер карьерасы 2003 жылы туған клубы "Тараздың" бапкерлер штабына кірді. 2003 жылы азырақ уақыт клубтың бас бапкері қызметін атқарды. 2010 жылы "Қаратау" клубының бас бапкері боп тағайындалды.
2013-14 жылдары "Жетісу" командасында физикалық дайындық бойынша менеджер боп жұмыс істеді. 2016 жылы "Тараздың" бапкерлер штабына қайта оралды.
Сілтемелер Профилі
Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК жаттықтырушылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары