Радомир Джялович (монт. Радомир Ђаловић / Radomir Đalović; 29 қазан 1982https://www.national-football-teams.com/player/23541.html, Биело-Поле, Югославия) — черногориялық футболшы, "Рудар" клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық "Единство" клубының түлегі. 19 жасында "Црвена Звездаға" ауысты да, Югославия чемпионы атанды. Кейін Югославияның "Железник", Хорватияның "Риека клубтарында ойнады да, Германияға кетті. Германияда ұзақ тұрақтай алмай, бір жылдан соң, 2006 жылы "Кайсериспорға" ауысты.
Одан кейінгі карьерасында тағы да Хорватия және Румыния, Ресей, Иран, Қытай, Тайланд клубтарында ойнады. 2016 жылы отанына оралып, "Будучността" доп тепті.
2017 жылдан бері "Рудар" клубында ойнайды.
Ұлттық құрамада 2007 жылы 7 қазан күні Эстонияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Соңғы ойынын 2011 жылы қарашада Чехияға қарсы ЕУРО-2012 турнирінің соңғы іріктеу плей-оффында өткізді.
Жетістіктері
Югославия чемпионы: 2001-2002 Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалисі: 2004 Дереккөздер
Сілтемелер Radomir Đalović: Koja je tajna uspjeha Crne Gore? A Cico, brate, nego 'ko?!
Санат:Черногория футболшылары Санат:Черногория Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Црвена Звезда ФК ойыншылары Санат:Железник ФК ойыншылары Санат:Риека ФК ойыншылары Санат:Арминия Билефельд ФК ойыншылары Санат:Кайсери Эрджиесспор ФК ойыншылары Санат:Рапид Бухарест ФК ойыншылары Санат:Амкар ФК ойыншылары Санат:Сепахан ФК ойыншылары Санат:Полис Теро ФК ойыншылары Санат:Будучност Подгорица ФК ойыншылары Санат:Рудар ФК ойыншылары Санат:Сербия және Черногория футболшылары Санат:Загреб ФК ойыншылары