Лоран Робер Блан (; 19 қараша 1965https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3113, Алес, Франция) — француз футболшысы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Мансабы Клубтық "Алес" және "Монпелье" клубтарының түлегі. 1987 жылға дейін "Монпельенің" негізгі және фарм клубтарында өнер көрсетіп, "Наполиге" ауысты. Бірақ келесі маусымда-ақ отанына оралып, "Ним Олимпик" сапына қосылды.
Кейін "Барселона", "Интернационале", "Манчестер Юнайтед" секілді атақты клубтарда доп теуіп, 2003 жылы 37 жасында футбол ойнауды доғарды.
Бапкерлік 2007 жылы бапкерлік карьерасын "Бордо" клубында бастады. 2008/09 маусымда клубпен бірге Франция чемпионы атанды.
2010 жылғы әлем біріншілігінен соң Франция Ұлттық құрамасының бапкері боп тағайындалды. 2012 жылғы Еуропа чемпионатында құрама ширек финалға ғана жетіп, Блан ол қызметтен босады.
2013-16 жылдары "Пари Сен-Жермен" клубын жаттықтырды. Клубпен бірге үш жыл қатарынан Франция чемпионы атанғанымен, Чемпиондар Лигасында аса жақсы нәтижеге қол жеткізе алмады.
Ұлттық құрама Құрамада 1989-2000 жылдары ойнап, 1992, 1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде «Монпелье»
2 лига жеңімпазы: 1986/87 Франция кубогы: 1989/90
«Осер» Франция чемпионы: 1995/96 Франция кубогы: 1995/96
«Барселона» Испания суперкубогы: 1996 Испания кубогы: 1996/97 УЕФА Кубок иелері кубогы: 1996/97
«Манчестер Юнайтед» Англия чемпионы: 2002/03
Франция құрамасы
Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000
Бапкер ретінде «Бордо»
Франция чемпионы: 2008/09 Франция лига кубогы: 2008/09 Франция суперкубогы (2): 2008, 2009
«Пари Сен-Жермен»
Франция чемпионы (3): 2013/14, 2014/15, 2015/16 Франция кубогы (2): 2014/15, 2015/16 Франция лига кубогы (3): 2013/14, 2014/15, 2015/16 Франция суперкубогы (3): 2013, 2014, 2015
Дереккөздер
Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Монпелье ФК ойыншылары Санат:Сент-Этьен ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Осер ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Франция футбол жаттықтырушылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Бордо ФК жаттықтырушылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК жаттықтырушылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары