Анди Сельва (; 25 мамыр 1976https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/43877, Рим, Италия) — сан-маринолық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы

Клубтық Энди Сельва Италияның бірнеше клубтарында ойнады, көбі С, Д серияларында ойнайтын ортанқол командалар. Оның ішінде "Верона", "Падова", СПАЛ секілді атақтылау клубтарда да доп тепті (бірақ ол клубтар сапында төменгі лигаға түсіп қалғанда ғана ойнады). Тек 2012-18 жылдар аралығында ғана сан-маринолық "Ла-Флорита" клубында ойнады.

2018 жылы осы "Ла-Флорита" сапында ойнап жүріп, футболшылық карьерасын аяқтады да, Сан-Мариноның 17-жасқа дейінгі құрамасын жаттықтыра бастады.

Ұлттық құрама Сан-Марино құрамасы тарихындағы ең нәтижелі футболшылардың бірі. Әзірше 8 голмен құрама мергендері қатарында бірінші орында келеді.

2004 жылы 8 сәуір күні Лихтештейн құрамасы қақпасына бір гол соғып, құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл Сан-Мариноның осы күнге дейінгі жалғыз жеңісі.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі Профилі

Санат:Сан-Марино футболшылары Санат:Сан-Марино Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Падова ФК ойыншылары Санат:СПАЛ ФК ойыншылары Санат:Ла Флорита ФК ойыншылары Санат:Сассуоло ФК ойыншылары Санат:Сан-Марино футбол жаттықтырушылары