Эссам әл-Хадари (; 15 қаңтар 1973 жыл, Кафр Эль-Баттих, Думьят) — мысырлық футболшы, қақпашы. 20 жылдан астам уақыт Мысыр Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Футболшы туралы фактілер
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 1996 жылы алаңға шықты. Оған дейін Мысырдың 21 жасқа дейінгі құрамасында ойнаған. 2018 жылы 45 жасында Ресейде өткен әлем чемпионатына қатысып, үш кезедсуде алаңға шықты. Осылайша ол әлем чемпионаттары тарихындағы ең жасы үлкен футболшы атанды. Карьерасында көбіне мысырлық клубтарда доп тепті. Тек 2008/09 жылғы маусымда бір жыл швейцариялық "Сьон" клубының, 2017/18 жылдары Сауд Арабиясының "Әл-Таавун" клубының қақпасын қорғады.
Жетістіктері
Командалық
Мысыр чемпионы (7): 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00, 2004/05, 2005/06, 2006/07 Мысыр кубогы: 2000/01, 2002/03, 2005/06, 2006/07 Мысыр суперкубогы: 2003, 2005, 2006, 2007 КАФ чемпиондар Лигасы: 2001, 2005, 2006 КАФ суперкубогы: 2002, 2006, 2007 Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалисі: 2006 Африка чемпионы: 1998, 2006, 2008, 2010 Швейцария кубогы: 2009
Жеке
Африканың үздік қақпашысы: 2001, 2006
Қатысқан турнирлері Африка Ұлттары кубогы: 1998, 2000, 2002, 2006, 2008, 2010, 2017 Әлем чемпионаты: 2018 Конфедерацуиялар кубогы: 1999, 2009, 2017 Сілтемелер Профилі
Санат:Мысыр футболшылары Санат:Мысыр Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Әл-Ахли ФК Каир ойыншылары Санат:Сьон ФК ойыншылары Санат:Замалек ФК ойыншылары Санат:Әл-Иттихад Александрия ФК ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары