Луис Антонио Валенсия Москера (; 4 тамыз 1985 жыл, Лаго-Агрио, Эквадор) — эквадорлық футболшы, Эквадор Ұлттық футбол құрамасы мен "ЛДУ Кито" клубының жартылай қорғаушысы.
Мансабы "Эль-Насьонал" клубының түлегі. 2005 жылы "Вильярреалға" ауысқанымен, ол клубта ойнап жарытпады, көбіне жалға беріліп, басқа командаларда бақ сынады.
2006-08 жылдары "Уиганда" арендада ойнап, 2008 жылдың басында англиялық клуб оны түпкідікті сатып алды да, "Уиганда" 2009 жылдың жазына дейін ойнады.
2009 жылы жазда "Манчестер Юнайтедке" ауысты. Манчестерлік клуб сапында мүмкін болған жүлделерден Чемпиондар Лигасын ғана ұта алмады (2011 жылы финалға шыққанымен, "қызыл сайтандар" "Барселонадан" ұтылып қалды), қалған жүлделерге толық қол жеткізді.
2019 жылы өз отаныдағы "ЛДУ Кито" клубына ауысты.
Жетістіктері
Командалық
Эквадор чемпионы: Кл. 2005
Англия чемпионы (2): 2010/2011, 2012/13 Англия кубогы: 2015/16 Лига кубогы (2): 2009/10, 2016/17 Англия суперкубогы (3): 2010, 2013, 2016 УЕФА Еуропа лигасы: 2016/17
Жеке
Эквадордың үздік футболшысы (2): 2008, 2009 Премьер-лиганың үздік футболшысы: қыркүйек 2017
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (ManUtd.com)
Санат:Эквадор футболшылары Санат:Эль Насьональ ФК ойыншылары Санат:Эквадор Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Рекреативо ФК ойыншылары Санат:Уиган Атлетик ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:ЛДУ Кито ФК ойыншылары