Оңдасын Сейілұлы Оразалин (6 қараша 1963 жыл, Ақтөбе қаласы) — қазақстандық саясаткер, Ақтөбе облысының әкімі (2019—2022).
Өмірбаяны Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылдың 6 қараша күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы №19 мектепті бітірген.
1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтында ағылшын тілінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы (1985-1988 ж.); Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің секретары (1988-1990 ж.); «РИКА-ТВ» ЖШС-да жарнама ақпараттық-коммерциялық агенттігі бөлімінің басшысы (1990-1993ж.); «Банк - РИКА» ААҚ-ның басқарма төрағасы (1993-1999ж.); «Облтрансгаз» ЖАҚ-ның, «Ақтөбегаз» ЖАҚ-ның басқарма төрағасы(1999-2000ж.). Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі (2000-2003ж.); Ақтөбе облысының сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы (2003-2004ж.); Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің директоры (09.2004-09.2005ж.); Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (09.2005-11.2006ж.); 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің инспекторы; 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; *03.2008-10.2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2008-05.2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 05.2014 - 22.03.2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі; 22.03.2017-25.02.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 26.02.2019 — 31 тамыз 2022 ж. Ақтөбе облысының әкімі.Ақтөбе облысының ресми сайты
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысының әкімдері