Наби Лей Кейта (10 ақпан 1995 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/302215, Конакри, Гвинея) —«Ливерпуль» клубы мен Гвинея құрамасының жартылай қорғаушысы. Гвинея құрамасы сапында 2015 жылы Африка Ұлттары кубогына қатысқан.
Мансабы Карьерасын 2013 жылы "Истр" клубында бастады. 2013/14 жылғы маусым қорытындысында "Истр" Франция чемионатының ІІ лигасына түсіп қалды да, төменгі дивизионда ойнағысы келмеген Кейта Аустрияның "Ред Булл" клубына ауысты. 2014/15 жылғы маусымда Аустрия чемпионатының үздік футболшысы атанды.
2016 жылы "РБ Лейпциг" футболшысы атанды. 10 қыркүйекте Бундеслигадағы бірінші ойынын "Боруссия Дортмундқа" қарсы өткізді.
Бір жылдан соң "Ливерпульге" ауысты. 2017/18 жылғы маусымда Англия чемпионатында 25 ойын өткізіп, екі гол соқты. Осы маусымда Чемпиондар лигасында бес ойынға қатысты.
Жетістіктері
Командалық «Ред Булл (Зальцбург)»
Аустрия чемпионы: 2015, 2016 Аустрия лига кубогы: 2015, 2016
«Ливерпуль»
Англия чемпионы: 2019/20 Чемпиондар лигасы: 2018/19 Клубтар әлем чемпионаты: 2019
Жеке
Аустрия Бундеслигасының үздік ойыншысы: 2015/2016 Дереккөздер
Санат:Гвинея футболшылары Санат:Истр ФК ойыншылары Санат:Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары Санат:РБ Лейпциг ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Гвинея Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Хоройя ФК ойыншылары