Манас ауданы () — Қырғызстан Республикасындағы Талас облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. 1980 жылы 3 қазанда Киров (қазіргі Айтматов) ауданынан бөліну арқылы құрылдыМанас районунун энциклопедиясы / Түзүүчүсү Шатманов М. — Б., 2001.

Талас облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде және батысында Қазақстанның Жамбыл облысымен, оңтүстікте Талас облысының Айтматов және Бақайата ауданымен, шығысында Талас ауданымен шектеседі.

Әкімшілік орталығы — Покровка ауылы.

Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 32 913 аудан тұрғынының ішінен қырғыздар 25 801 адамды құрайды (78,4 %), күрдтер — 2204 адам (6,7 %), қазақтар — 1568 адам (4,8 %), орыстар — 1093 адам (3,3 %), өзбектер — 910 адам (2,8 %), түріктер — 589 адам (1,8 %).

Әкімшілік бөлінісі Манас ауданының құрамына 5 айыл аймағы мен 22 айыл кіреді: Қайыңды айыл аймағы: Арал (орталығы), Қайыңды, Нілді, Сарыбұлақ, Шөштөбе айылдары Қырғызстан айыл аймағы: Талас (орталығы), Көктөбе, Манас айылдары Май айыл аймағы: Майское (орталығы), Новодонецкое айылдары Покровка айыл аймағы: Покровка (орталығы), Баласары, Жайылған, Қараарша, Сөгет айылдары Үшқорған айыл аймағы: Қызылжұлдыз (орталығы), Ақтас, Жиде, Кеңес, Үлкенқақпа, Тасбасат, Үшқорған айылдары

Дереккөздер

Санат:Манас ауданы