Шу ауданы () — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік бірлік. Солтүстігінде Қазақстанмен, шығысында Шу облысының — Кемин, батысында — Ыстықата ауданымен, оңтүстігінде — Нарын облысының Қошқар ауданымен шектеседі.
Әкімшілік орталығы — Тоқмақ қаласы, Шу ауданы құрамына кірмейді.
Ауданның жер көлемі 1592 км²Чуйский район // Энциклопедия Чуйской области = Чүй облусу энциклопедиясы. — Бишкек: Кыргыз Энциклопедиясынын Башкы редакциясы, 1994. — Т. 3. — С. 224. — 718 с. — ISBN 5-89750-083-5..
Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 47 017 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 39, 116 адам (83,2 %) құрайды, орыстар — 3225 адам (6,9 %), дүнгендер — 2201 адам (4,7 %), әзербайжандар — 828 адам (1,8 %), қазақтар — 522 адам (1,1 %).
Ауданда дүниеге келгендер
Михаил Денисович Афанасьев (1923-1986) — Кеңес Одағының Батыры. Насирдин Байтеміров (1916-1996) — қырғыз және кеңес ақыны, прозашы, драматург. Қырғызстанның Халық жазушысы (1986). Қырғыз КСР Халық ағарту ісінің үздігі. Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Исмаил Борончиев (1910-1978) — айтыскер ақын, Қырғыз КСР-інің халық әртісі (1958). Ашыраалы Боталиев — опера және драма актері, Қырғыз КСР халық әртісі. Жаманқұл Женчураев, — қырғыз совет жазушысы, шекарашы. Үсенқұл Жұмабаев (1923-1976) — қырғыз кеңес мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ақын. Сұлтан Ыбырайымов — КСРО мемлекеттік және партия қайраткері, Қырғыз КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, (1978-1980). Қалмырза Сарпек ұлы — ақын. Жайнақ Саадаев — КСРО мемлекеттік және партия қайраткері, Қырғызстан аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы. 1937 жылы "халық жауы" деп айыпталып, қамауға алынып, ату жазасына кесілді, қайтыс болғаннан кейін ақталды. (1893-1937) Келдіке Қарымшақов (1919-2003) — КСРО мемлекеттік және партия қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Дереккөздер
Сілтемелер Тоқмақ қаласының сайты — Шу ауданы мен Тоқмақ қаласының жаңалықтар сайты. Облыстық Тоқмақ қаласының әкімшілік сайты
Санат:Шу ауданы (Қырғызстан)